Марк Твеннің ұлағатты сөздері

Марк Твеннің ұлағатты сөздері

1. Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін.

2. Егер айтатын сөзің болмаса, шындықты айт.

3. Адамның ақылы – ең ғажайып зат. Ол бірдің емес, бүкіл елдің сөзін сөйлесе де, ең соңғы минутқа дейін жұмыс жасайды.

4. Ең бірінші туған күнін тойлаған адаммен не істеуге болады? Өлтіру де аз.

5. Темекіні тастау оңай. Менің өзім жүз рет тастадым.

6. Өлер алдында тек екі нәрсеге өкінеміз: аз ғашық болғанымызға және аз қыдырғанымызға.

7. Батылдылық – қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздағы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен жеңу.

8. Жақсылық – бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі.

9. Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.

10. Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.

11. Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.

12. Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының ілім–біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

13. Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

14. Қазір қоғамдағы адамдарды екіге ғана бөлуге болады: бірі – түрмедегі жазасын өтеушілер, екіншілері – жазасын өтеуге тиістер.

15. Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.

Сурет: prousa.ru

Ж. Исакаев