Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Көбелектен алынған сабақ

Көбелектен алынған сабақ

Көбелектен алынған сабақ

Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты. 

Бірталай уақыт өтіп,  көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ.

Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді. 

Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына бәкі алып, пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден сыртқа шықты. 

Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де зорға жылжитын еді. 

Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сәлден соң-ақ көбелектің қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады. 

Бірақ олай болмады. Көбелек өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады. 

Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір қалпында шығатын еді. 

Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар. 

Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, еш уақытта қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз еш уақытта биікке самғай алмас едік. 

Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін қиындықтар берді. 

Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс проблемалар берді. 

Мен өмірден байлық сұрап едім,  ал өмір маған жұмыс істесін деп ми мен қуат берді.

Мен өмірден ұшу мүмкіндігін сұрап едім, ал өмір маған жеңсін деп кедергілер берді. 

Мен өмірден махаббат сұрап едім, ал өмір маған олардың проблемаларын шешуге жәрдем берсін деп адамдар берді. Мен игілік сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді. 

Мен сұрағандарымның ішінен ештеңе де ала алмадым... Бірақ мен өзіме керектілердің бәрін алдым.

Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерлерді батылдықпен күтіп ал және оларды жеңе алатыныңды дәлелде.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: kaldata.com

6710 3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 07 ақпан 2014, 20:03
Пікірлер
+0
07 ақпан 2014, 20:03

Мен кейде керек кезде адам өзі барлық қиындықты жеңіп шығуы керек деген нәрсеге көзім әбден жетті. Көмегің оны керісінше тұралатуы мүмкін. Кейде керек емес уақытта, керек емес жерде болып қалатынымыз өте өкінішті!

+0
18 ақпан 2014, 16:29

өте жақсы жазба екен!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...