Тез дос болма, ал дос болған екенсің...

Тез дос болма, ал дос болған екенсің...

Достық туралы ұлылардың айтқан сөздері:

Адам мен адамның танысып, түсініскенінен артық байлық жоқ.

Сент-Экзюпери

Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады.

Цицерон

Жолдастықтан өткен қасиетті байланыс жоқ! Әке өзінің баласын жақсы көреді, шеше өзінің баласын жақсы көреді, бала әкесі мен шешесін жақсы көреді. Бірақ бұл, ағайындар-ау, басқа нәрсе: аң да өзінің баласын жақсы көреді. Бірақ қаны жағынан емес, жан-жүрегімен туысып кету адамның ғана қолынан келеді.

 Н. Г. Гоголь

Достық негізі еріктің, талғамның, пікірдің толық үндесуінен туады.

Цицерон

Достық баға жетпес нәрсе ғана емес, сонымен қатар тамаша да нәрсе: біз өзінің достарын жақсы көретін адамды мадақтаймыз және көп досы болу бәрінен тамаша көрінеді, ал кейбір адамдарға тіпті жақсы адам болу мен дос болу – бір ғана нәрсе секілді.

Аристотель

Үйдің сәні – достары, оның келушілері.

Р. Эмерсон

Егер тағдыр адамға ерекше пейілі түсіп, оған әлемдегі ең зор бақ-ырыс сыйлағысы келсе, ол оған сенімді достар береді.

Э. Тельман

Бұл дүниенің күллі сый-құрметі жалғыз жақсы досқа татымайды.

Ф. Вольтер

Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Аристотель

Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас,

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

Абай

Жауға жалынба, досыңа тарынба.

М. Әуезов

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.

А. Линкольн

Достық достық шақырады.

Абай

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Абай

Досы көптің қасына

Жау келмес деген осы да.

А. Тоқмағамбетов

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.

М. Әуезов

Ақылсыз достан ақылды жау артық. Досыңмен де, қасыңмен де істес болғанда, осыны есте ұстағайсың.

Ә. Науай

Ішкі сырымды ірікпей айта алатын адам ғана менің досым.

В. Г. Белинский

Өзімшілдік – достық үшін у.

О. Бальзак

Достықтың көзі – көреген.

В. Скотт

Қауіпті сезіп-біліп тұрып айтпаған адамды жауым де.

И. Гете

Өміріміздегі ең ізгі нәрсе – біздің достығымыз.

А. Герцен

Шын дос – таусылмас қазына.

Кабус

Біреумен жақындасады екенсің, өз қамыңды емес, сол жақындасқан адамыңның қамын ойла және де өзің туралы өзіңнің қалай топшылайтыныңа қарама, оның сен туралы қалай топшылайтынын ойла.

Л. Н. Толстой

Туыстың дос бола бермеуі мүмкін, ал дос әрдайым туыстай бола алады.

В. Франклин

Жоқ, есім барда еш нәрсені досқа теңгермеймін.

Гораций

Пікір бірлігі достыққа бастайды.

Демокрит

Байлықтың басы – сенімді дос.

Еврипид

Ел менен ел достасқан

Ғасыры туды адамның.

Жамбыл

Жақсы дос өзін сөзбен емес, іспен көрсетер.

Қалидаса

Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елбектеп.

Жаманменен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет

Жердің жемісі жылына бір мәрте шықса, достықтың жемісі күн сайын өсіп-өнеді.

Пифагор

Жаман жолдасың болғанан жалғыз болғаның артық.

Дж. Рей

Өзіңді сыйлап, бағалайтын достарыңның санына емес, санатына қарай мақтан.

Сенека

Досым барда баймын да бақыттымын.

Г. Скворода

...Ақымақ дос көрге қарай жетелер.

Сагди

Досың санаған адамнан айрылғаннан күйікті ештеңе жоқ.

Р. Стивенсон

Бақыт адамды ешқашан да достықты қажетсінбейтіндей биікке шығарған емес.

Сенека

Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, өмірдің ең зор қуаныштарының бірі – сырыңды айтатын адамның болуы.

А. Мандзони

Шынайы белсенді достық бірін-бірі өзара қолдаудан тұрады. Менің досым менің ниеттерімді қолдайды, ал мен оны қолдаймын, біздің ойларымыз әр түрлі болса да, біз бірге алға басамыз.

И. Гете

Достардан қымбат еш нәрсе жоқ, сондықтан, егер қолыңыздан келеді екен, оларға ие болу орайынан айырылып қалмаңыз.

Ф. Гвиччардини

Жолдас – басыңа күн туғандағы тірек, ауырған кездегі дәрігер, өлім қаупі төнген шақта өзін құрбан ететін адам.

С. Орбелиани

Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады.

Ф. Бэкон

Ешқандай да тұрмыстық игіліктер, егер біз оларды ғана пайдаланып, достарымызбен бөліспейтін болсақ, бізге сүйкімді болмақ емес.

Эразм Роттердамский

Егер де біздің бақытымызға ешкім бізбен бірге қуанбаса, ол бақыт қаншама көп сүйкімін жоғалтар еді. Біздің бақытсыздығымызға бізден де қатты қиналатын дос болмаса, оны көтеру бізге қандай қиын болар еді.

Цицерон

Сенің сауығуыңды мерекедей күтетін адамдар барын білген кезіңде тіпті ауырудың өзі сүйкімді.

А. П. Чехов

Дос іздеуші оны табуға лайық: достары жоқ адам – оларды ешқашан іздемеген адам.

Г. Лессинг

Тез дос болма, ал дос болған екенсің, солай болып қалуға тырыс, өйткені бірде-бір досы болмау мен көптеген достарды ауыстыра беру де - бірдей ұят.

Исократ

Ең бір ажырамас достық – жастық шақта басталған ажырамас әрі аса сүйікті достық.

Н. М. Карамзин

Ал сіз достықты қалай түсінесіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай