Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Абайдың ұлағатты сөздері

Абайдың ұлағатты сөздері

Абайдың ұлағатты сөздері

Абай Құнанбайұлының өлең жолдары мен қара сөздері афоризмге айналып кеткелі қашан. Алып ақынның ұлылығы да осында жатса керек. Бүгін сіздердің назарларыңызға Абайдың адамдық, жастық, еңбек туралы айтқан ұлағатты сөздерін ұсынамыз.

1. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл...

2. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек.

4. Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харкет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

5. Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын.

6. Бес нәрсеге асық бол...

Талап еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой - 

Бес асыл іс көнесеңіз.

7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

8. Жас уақытта көңіл - гүл.

9. Жастықтың аты арындап,

Тас қияға өрледің.

10. Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиянға салған шақ.

11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.

12. Жастықта бір күлгенің мың қаралық.

13. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

14. Егер ісім өнсін десең - ретін тап.

15. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап.

16. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.

17. Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын.

18. Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені.

19. Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

20. Орынды іске жүріп ой таппаған,

Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған.

Қасиетті болмайды, ондай жігіт,

Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: liveinternet.ru

120723 9
Рейтинг: +5

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 19 желтоқсан 2013, 19:39
Пікірлер
+2
19 желтоқсан 2013, 19:52

Рахмет жазбаңа, Нұржігіт! ))

+3
19 желтоқсан 2013, 19:59

Соның бәрін ерінбей оқып жүрген саған рахмет, Мақпал!)

+2
19 желтоқсан 2013, 20:03

Соны мен де байқап отырмын :idea:

+2
19 желтоқсан 2013, 19:59

Әйтеуір рахмет айтудан Мақпал талмайды)))

+3
19 желтоқсан 2013, 20:03

Еңбекке алғыс айту артық етпес... Екі ауыз жазған адамға да рахмет айтамын... Оқып, расында да "бірдеңе" алған соң айтамын да... Мысалы, пікіріме жауап жазғаныңа саған да рахмет, Шерхан! ))

+3
19 желтоқсан 2013, 20:05

Адам бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың, өлсең тағы.
«Менімен сең тең бе?» деп тағы мақтанасың,
Білімсіздік белгісі ол баяғы.

+0
19 желтоқсан 2013, 20:05

Мына жерде не боп жатыр? Бір-біріңе рахмет айтып не істеп отырсыңдар? Қазақы түсінік-танымым "көңілді тікелей ашық білдіруге" үйренбеген. Маған қабылдау қиын...

+0
19 желтоқсан 2013, 20:36

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың кез-келген өлеңін оқысаңыз да, қара сөздеріне үңілсеңіз де үлкен мағына, терең ой жатыр. Маған өте қатты ұнады. Үлкен алғыс білдіремін.

+0
20 желтоқсан 2013, 10:50

Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...