Кедей күш істетеді, бай күшті істетеді

Кедей күш істетеді, бай күшті істетеді

Баяғы өткен заманда, дүниенің алыс бір түкпірінде бір кедей кісі өмір сүріпті. Ауызы асқа, иіні киімге жарымапты. Ол өзінің өмірінің осыншама қиын болғанына үнемі налып, нәлет айтып жүреді екен. Күнде тапқаны ертеңгі күніне жетпей, зар шегіп былай депті: «Бұл қоғам өте әділетсіз, не үшін байлар күн сайын сайран салып түк жұмыс атқармайды, ал біз кедей байқұстар тыным алмай еңбек істеуіміз керек?» депті. Оның мұң-зары жаратушының назарына ілігіпті. Жаратушы одан: «Қалай істегенде сен теңдікті сезінесің?» деп сұрапты. Әлгі кедей адам: «Кедей адам мен бай адам бірдей болуы керек, бірдей жұмыс атқаруы керек, егер бай адам сол деңгейде тұрып байып кетсе мен осы зарлауым мен қарғауымды қоямын!» деп уәде беріпті.

Содан не керек, бай мен кедей маңдайына таудың алыс түкпіріндегі көмір кенінен жалаң қолдарымен үлкен жүк көлігіне көмір тиеп, базарға апарып сату несібі бұйырыпты. Олар таудың бір бұрышына тұрып алып қазуды бастапты. Кедейдің жұмыс істеуі тым ебдейсіз, қопал екен. Аузы да боқтықтан босамапты. Бірақ, ол өз жүк көлігін тез арада толтырып үлгеріпті. Баразрға қарай бет алған кедей ішінен масаттанып: «Көр де тұр, мен сенен асып кетемін!» депті. Көмірдің ақшасына дәмді ас, жылы киім сатып алып үй-ішін қарқ қылуды жоспарлапты.

Бай кісі жай күндері мұндай ауыр жұмысты көп істемегендіктен алты айрығынан тер ағып, кеш бата үлкен көлікті зорға толтырыпты. Бір мәшине көмірін базарға апарып сатып, өзіне тиеселі асты ғана сатып алып, кен басына қайтып келіпті. Оның қалтасында біраз ақша артылып қалыпты. Екінші күн болғанда кедей кісі сол баяғы әуенімен жалғыз өзі көмір қазуға кірісіпті. Ал, бай адам бірден базарға кетіпті. Көп өтпей әлгі кедей кісі сияқты екі адамды алып келіп, кешегі тапқан ақшасын сол екеуіне бөліп беріп, көмір тиетіп қойыпты. Бұл екі адам мәз болып, кеш батқанша бай адамның жүк көлігін 4-5 рет толтырып беріпті. Бардам кісі бұл екі адамға еңбек ақыларын артығымен төлеуден сырт, өз қалтасында да молынан қаржы түсіпті. Ол осылай жарты жыл қызмет атқарып шалқыған байға айналып шыға келіпті.

Уақыт өте келе әуелгі кедей кісіміз өз тағдырына налып, қоғамды кінәлай беруін қойыпты.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: newhua.com 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың Жақсылығы
Қазақтың Жақсылығы
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Әлемдегі тұңғыш су асты кемесі мұражайы ашылды
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Подкаст жазар алдында дауысты қалай күту керек?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Балаға қымбат ойыншық сатып алып бересіз бе?
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған – Илон Маск
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?
Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?