Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Әр адам махаббат пен сыйға лайық

Әр адам махаббат пен сыйға лайық

Әр адам махаббат пен сыйға лайық

Үнді жұрты Махатма Гандиді ұлттың қамқоршысы санаған болса, америкалықтар Джордж Вашингтонты өз елдерінің әкесіне балаған. Батыл әрі қайырымды басшының артында игі істері қалды. Ел-жұртына қызмет қылған азамат туралы небір қызықты тәмсілдер бар.

* * *

Американың тәуелсіздігі жолындағы соғыс уақыты кезінде Джордж Вашингтон елдің әскери қолбасшысы болып тағайындалды.

Бірде ол ат үстінде әскери лагерьді көре кетпек болады. Сондағы ойы, лагерьдің тәртібі мен тыныштығына көз жеткізу ғана. Бұл уақытта лагерьдің бірінің шетінде жаңа ғимарат бой көтеріп жатқан-ды. Ашуға булыққан әскер капитаны алты жауынгерге ауыр да ұзын бөренені ғимараттың ең биігіне жеткізуге бұйрық беріп жатыр. Бөрененің салмағы алты жауынгерге ауыр тиетін-ді, бірақ, соған қарамастан, олар тыраштанып, мықшыңдауда. Алайда, бір көрген адамға да әлгі капитанның оған мән беріп жатпағаны байқалатын. Жауынгерлерге қол ұшын берудің орнына, капитан алыстан тұрып алып, айқайлаудан танбаған еді. "Тезірек, көтеріңдер, көтеріңдер". Джордж бұл көрініске бей-жай қарап тұрғысы келмеді. 

Капитанның қасына таяу келді де, сұрау салды: "Бөрене ауыр ғой. Неге сен оларға кішкене көмектеспейсің?". 

Жауап бірден берілді: "О, бұл әскердің жұмысы. Қалайша менің капитан екенімді көрмей тұрсыз?". 

"Енді көрдім, - деді Джордж, - кешіріңіз, мен білген жоқпын". Аттан секіріп түсті де, әскерлерге қосыла кеткен ол, оларға көмектесе бастады. Бөренені ең биікке көтеріп апарғанша, күшін аяп қалмауға тырысты. 

Сосын, капитанға бұрылып қарады ды, былай деді: "Капитан, ендігі жолы Сізде осындай жұмыстар болып, жауынгер жетпей жатса, менің артымнан жіберіңіз. Мен – Америка әскерінің бас қолбасшысымын. Көмекке қуана-қуана келетін боламын".

Осы сөзді естіген бойда, капитанның өне-бойы қызарып салды. Аузына сөз келіп үлгергенше, Джордж ер үстінен табылып, өзінің палаткасына құйғытып бара жатқан еді. 

* * *

Өркөкірек капитанға керемет сабақ берілді. Жұмыс пен міндеттері қандай болмасын, барлық адам бірдей. Әрбір адам махаббат пен сыйға лайықталуы тиіс. Әрбір адамды құрметті немесе құрметсіз ететін жұмыс түрі жоқ. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:portrevolt.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 тамыз 2013, 21:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.