Бөлке нан

Бөлке нан

Бүгін олардың отасқандарына 30 жыл толып отыр. Бірлескен өмірдің 30 жылдығында әйелі әдеттегідей бөлке нан пісірді. Ол бөлке нанды әр таң сайын пісіріп тұратын. Дәстүрге айналған ертеңгілік үйреншікті көрініс.

Таңғы аста ол жаңа пісіп шыққан бөлкені екі бөлікке бөлді де, әрқайсысына жұқалап май жағып, қай жолғыдай, күйеуіне жоғарғы бөлігін беруге сайланып бара жатыр еді, кенет қолы орта жолда тоқтай қалды...

Сосын былай деп ойлады: "30 жылдықта бөлке нанның қызара піскен бөлігін өзім жеп көрсем қалай болады; ойласам болғаны, ол туралы 30 жыл армандап келіппін ғой. Ақырында, шындап келсек, 30 жыл бойына үлгілі отанасы бола алдым ба, алдым; сүп-сүйкімді балаларды өсірдім бе, өсірдім; осы отыз жыл ішінде адал махаббаты бола алдым ба, алдым; одан қала берді үй шаруашылығын жүргіздім, осының бәріне қаншама күш-жігерімді, денсаулығымды сарп еттім".

Бөлке нанның астыңғы бөлігін беріп жатып, қолдары қалтырап кетті. Бұл өзі үшін 30 жылдық дәстүрдің бұзылғанындай еді. Сонда төменгі бөлігін алып жатқан ері былай деді:

- Бүгін маған баға жетпес, теңдессіз сыйлық жасап отырсың, сүйіктім! 30 жыл бойына бөлкенің өзім жақсы көретін төменгі бөлігін жей алмай келіп едім. Әр жолы саған тиесілі екенін ойлап, әдеттен аспауды ойлайтынмын...

Cурет: vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига