Емхана бөлмесі

Емхана бөлмесі

Емханада бір бөлмеде қатты ауру екі науқас жатты. Бірі терезе алдында, екіншісі есік тұста.

- Терезенің ар жағынан не көрініп тұр? - деді бір жолы есік аузында жатқаны.

- О! - деп біріншісі терезеге қарады. - Мен аспан мен қазбауыр бұлттарды, көл мен алыстағы орманды көріп тұрмын.

Әр күн сайын терезе алдында жатқан адам көршісіне сыртқы өмірде не болып жатқанын хабардар ететін болды. Ол әр жолы қайықты, үлкен қармақпен шыққан балықшыларды, жағалауда ойнап жүретін балаларды, бір-бірінен бір сәтке көз алмайтын ғашық жұптарды көретінін айтатын.

Ол осы бір тамаша көріністерді терезе сыртынан көріп жатқанда көршісі соқыр ызаның жетегінде азаптануға айналды. "Бұл әділдік емес, - деп ойлады ол, - Қай жетістігі үшін терезе алдына жатқызды. Неге ол, мен емес? Ол болса терезе алдындағы қызықты көріністерге қарап жатыр, ал мен болсам бояуы кеткен есікті көріп жатуға тиістімін?!" 

Бір жолы терезе алдында жатқан науқастың қатты жөтелі қысып, дем жетпей қысыла бастады. Жан-дәрменімен медбикені шақыратын тетікке қолын созып көрді. Жөтелдің қатты болған соншалықты, әлгі тетікке жете алмай қиналды. Сол сәтте көршісі осы бір көрініске жаймен ғана қарап жата берді. Әйтпесе, өзі жатқан тұстағы медбикені шақыру тетігіне қол созу еш қиындық тудырмайтын еді. 

Бірнеше азапты минуттардан соң біріншінің демі бітіп, төсек үстінде жанын тапсырды. 

Оны алып кеткен соң, көршісі медбикеге өзін терезе тұсқа ауыстыруын өтінді. Науқастың өтініші орындалуға айналды. Медбике жалма-жан сейсептерді ауыстырып, науқасты терезе алдындағы төсекке ыңғайластырды да, бәрін көзбен бір шолған күйі есік тұсқа бағыт алды. Кенет науқастың таңырқаған дауысы оны тоқтатты:

- Қалай бұл сонда! Мына терезе тек мелшиген сұр қабырғаға келіп тіреліпті. Бірақ, көз жұмған әлгі науқас орман мен көлді, бұлттар мен адамдарды көретінін айтатын... Мұның бәрін ол бұл терезеден қалай көрген?

Медбикенің мұңлы жүзі күлімсіреді:

- Ол мүлдем еш нәрсе көре алмайтын: сіздің марқұм көршіңіз соқыр болатын. 

сурет:en.loveplanet.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ER-BATYR жобасында Қуанышбек Есекеев киберспорт, ерлер достығы мен тәрбие туралы әңгімелейді
ER-BATYR жобасында Қуанышбек Есекеев киберспорт, ерлер достығы мен тәрбие туралы әңгімелейді
Даннинг-Крюгер эффекті дегеніміз не?
Даннинг-Крюгер эффекті дегеніміз не?
Сегіз ұлттың басын қосқан ұлттық оркестр
Сегіз ұлттың басын қосқан ұлттық оркестр
Үш қаламгердің киноға арқау бола алатын шығармалары
Үш қаламгердің киноға арқау бола алатын шығармалары
Ғалымдар адам естімейтін сигналды қабылдайтын құлақ құрылғысын жасап шығарды
Ғалымдар адам естімейтін сигналды қабылдайтын құлақ құрылғысын жасап шығарды
Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовқа арналған қойылым сахналанады
Қуыршақ театрында Шәмші Қалдаяқовқа арналған қойылым сахналанады