Азиза Сабыржанқызы. "Отаным, саған айтамын"

Азиза Сабыржанқызы. "Отаным, саған айтамын"
Фото: Yernar Almabek

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Азиза Сабыржанқызының шығармасын ұсынамыз.  

Урах Азиза Сабыржанқызы 1997 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жұмекен ауылында өмірге келген. Атырау қаласы Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетіның түлегі. 

Басайын сенің барлық жолдарыңды,
Қосайын құстар салған хорға әнімді.
Бұлбұлдың әуезіне араласып,
Бұл әнім араласын орманыңды.
Қалдырмай байтақ елдің сай-қырларын,
Тарасын май айында майда ырғағым.
Шөптерің шөпілдесіп, бұл ырғаққа
Билесін бұлақтарың, айдындарың.
Қарасам, қазынаның табам түрін,
Күнбағыс — табақ-табақ сары алтының.
Әр тасың жай тас емес, гауһар маған,
Жақсы әтір — жалбызың мен қалампырың.
Жоқ дегем сүюімде демалыс түк,
Бағынар сағынышқа бар алыстық.
Сүйкімді құмың, шыңың, шыңырауың,
Бар бедер, бар дидарың маған ыстық!
Бар ма екен кәусарыңды қанып ішкен,
Айтамын іңкәрліктің әнін іштен.
Әрбір тал шөбіңді де, шөліңді де
Сүйемін сағынышпен, сағынышпен.
Өзіңнің келбетіңнен күнді көрем,
Мен үшін өзеніңнің сыңғыры — өлең.
Көкте емес, көкірегімде көшеді әсем
Бұлттарың үлбіреген, үлбіреген.
Үп еткен еркін самал лебің — өлең,
Өңімде, түсімде де сені көрем.
Гүлдерің, жұлдыздарың — жүрегімде,
Біргесің меніменен, меніменен! – бұл өлең ақын апамыз Күлəш Ахметованың отанына арнаған ерекше жыр шумақтары кез келген жанның жүрегін тебірейіндірмей қоймайтын шығар шіркін? Əр адамзат баласының дүниеге шыр етіп келген сəттен  өмірдің сан жолдарына түсе бастаған сəттен туған жақын жандарымен отбасымен отаны онымен бірге өмір сүретіні айдан анық. Отан деген ұлы сезім балалық шақтан тұла бойына сіңе бастайды. Оның ауасын жұтып, мөлдір суына шөл қандырып, тау мен тасын аралап, көк майса шөбіне аунап, еркін тəуелсіз отанда өмір сүріп, бейбіт те тыныш ғұмыр кешіп жатқан отаны Қазақстан деп аталатын əрбір жанының жүрегінде отанына деген шексіз ұлы сезім жатыр деп білем. Кішкене алыс жырақ кете қалсаң бір күнге жетпей қайта оралғың келіп тұратын отан шіркін ерекше ыстық ғой. Əлемнің кереметтерін қанша аралап жүрсеңде ешбір біреуі өз туған жеріңе, туып өскен отаныңа жетпейтіні анық. 

Жүрегінде отанға деген сезімі бар əрбір тұлғаның арманы отанын өркендетуге, оның гүлденуіне кішкене болсын үлес қосам деген арманы болады деп ойлаймын. Меніңде арманым дəл осындай. Мен өзімнің кең байтақ даласы бар, табиғатты көз тартарлық əдемі, көк аспанында қыраны еркін ұшқан, құнарлы топырағымен жерінде күлкісі мен шаттығы ғана көрінетін қонақжай қазақ халқының ортасында тіршілік етіп,қазақ болып туылғанымды ерекше мақтаныш етемін. Сан ғасырлар өтседе қазақ халқының дəстүрі мен əдеп ғұрпын сақтап жалғап келе жатқан мамыражай қазақ халқына тек бақыт пен шаттық тілеймін.

"Менің отаным Қазақстан!" – деп мақтанып айтатын, оның атын əлемге асқақтататын қазақ ұрпақтары көп болсын!  Біздің отан туралы жырлаған ғұлама ақындырымыз өте көп. Олар отанға деген шексіз сезімдерін өлең шумақтарымен көркемдеп керемет тоғыстырған. 
Отан… Төрт əріптен құралған сол сөздің ар жағында қаншама терең мағына жатыр! Тылсым сырға толы табиғатты, қарапайым қазақ халқы, сөздік қорға бай қазақ тілі,дəстүрі мен əдеп ғұрпы, шежіремен шексіз оқиға толы тарихы, осының бəрі отан деген ұлы сөзге тоғысып жатады. Барлығы келер болашақ жас ұрпаққа мұра болып қала бермек! Олар өз отанының ерекше əдемі туған жерінің табиғатын көріп тамсану арқылы, ел тарихына қатысты оқиғаларын танып оқып білу арқылы,дəстүрі мен əдеп ғүрпын өз көзімен көріп білу арқылы, біздің көркем сөздерге толы қазақ тілі мен əдебиетін қызыға оқу арқылы өз туған тіліне деген, өз отанына деген шексіз құрметі арттары сөзсіз анық деп ойлаймын. 

Туған жер! Көгінде қыран қалықтап ұшып, биік асқақ таулары аспанмен таласып жатқан, ну орман мен тоғайлары, кең байтақ ұлан ғайыр жерінде бірлігі мен татулығы жарасқан қонақжай қазақ халқы осындай ғажап өлкеде ғұмыр кешіп келе жатыр.Бұл менің өз отанымды көркем сөздермен кішкене суреттеуім ғана. Өз елімізде ғұлама ақындармен мен жазушылардың арнаған жыр шумақтары мен шығармалары өте көп. Отанға көркем сөзбен өрнек тігіп, жыр шумақтарын арнаған. Бұл кез келген ақындар мен жазушының арманы шығар деп білем! 

Бұрынғы ақын жазушылардың ізін жалғап қазіргі жас ақын жазушылардың өз отанына өлең шумақтарымен шығармалармен сыр шертетіндерін көріп қуанып қаламын. Отанға деген шексіз құрмет тек ақын жазушылардың ғана емес, отан үшін еңбек етіп жүрген кез келген тұлғаның тұла бойында бар қасиет деп білемін. 

Өз отанымдағы бір күндік өмірімдегі, қазақ халқының төл мерекесін, мейрамын суреттеп бергім келіп отыр: Көктем. Таң мезгілі . Жарқыраған күн ұясынан иек қағып атып келеді. Шиқылдап сансыз торғай таңға бас иіп ән айтып жүр. Көк аспанға қалықтаған ақшыл көк бұлттар тізбектелген, қанатты құстар самал желмен ұшып жүр. Жер үстіне әдемі жасыл көйлегін әлдеқашан кие бастаған сыңайлы, теректер бүршік жарып, бір-бірімен жарасып құлпырып тұр. 

Ауыл жанындағы үлкен алаңқайға қарай асыға жүріп келем. Себебі бүгін қазақ халқының жаңа жылы, жыл басы - Наурыз мерекесі. Мейрам болып жатқан жерге жақындай түстім. Ақ киіз үйлерді қаз қатар дөңгелектеп әдемі құрған, ішінде салтанатты қазақтың ұлттық тағмдарымен толтырылған дастархандар жайылғаны көрінеді, киіз үйлердің ортасында қызу мейрам болып жатыр, қазақ халқы бір-бірімен көрісіп қауышып, көрісу мейрамын жалғастырып жатыр. 

Алты бақан жанында балалар лық толы, бір-бірін қуалап ойнап мәз мейрам болып жүр. Қазақтың наурыз көжесі мен сары бауырсағын әр күйіз жанына жайғастырып қойған, наурыз көжеден дәм татушылар көбірек көрінеді. Салтанатты мейрамға арналған шара басталған сыңайлы, қазақтың қара домбырасын күбірлеген дауысы, қазақтың қоңыржай даласында естігенге не жетсін, қазақ халқымыз ұлттық киімде наурыз мерекесінің әдемі көркіне, одан әрі ғажап үйлесім беріп тұрғандай. 

Алаңқайдың бөлек тағы бір жерінде дәстүрлі ойындары мен ат жарыс қызу өтіп жатқан сыңайлы, тамашалауға келген жандар өте көп, ине шаншар жер жоқ. Бұның өзі қазақтың ата дәстүрі ат жарысы мен ұлттық ойындарын, қызыға тамашалап, ойынға атсалысатыны олардың ата дәстүрін жалғап, өз отандарының дәстүрлі өнерінін жақсы көретіндерінің айқын дәлелі. Бұл мейрам қазақ халқының бұрынғы тұрмыс тіршілігін көз алдыңа әкелетін, әдеп-ғұрпы дәстүрінен, ұлттық домбыра мен өнерінен сыр шертіп, оны терең білгісі келетін жанға таптырмас мереке. Қазақ халқының ең сүйіп тойлайтын, жылдан-жылға жалғасып тойланып келе жатқан және барлығы асыға күтетін мейрамдарының бірі. 

Мен Өз отанымдағы,өзімнің ең сүйікті мейрамды көріп білгенімді барынша қара сөзбен суреттеуге тырыстым. Қазақ халқының бұдан бөлек дәстүрлі мейрамдарымен, салт дәстүрі мен ғұрпы өте көп. Бұның бәрі менің өз отаным туралы таусылмас сыр шертетін ол туралы біраз үлкен мағлұмат беріп, мақтаныш пен айтатын дүниелер, өз отанының, туған жерінің дәстүрін ұмытпайтын қазақ халқының дәстүрінен айқын көрініс беретін мейрамдар. Міне бұл менің дәстүрмен ұлттық өнерге бай отаным – Қазақстан. Қазақ мақалында «Отан-отбасынан басталады» – демекші, иә біздің отанға деген құрметімізбен сүйіспеншілігіміз ең алдымен отбасымызға деген махаббат пен бауырмалдықтан басталатыны сөзсіз. Отбасына деген құрмет арқылы адамзат баласы отанына адал қызмет етіп еңбек сіңіреді деп ойлаймын. Отбасы қуанышы мен отан қуанышы екеуі бір тұтас дүние деп ойлаймын. 

Менің анам бір сөзінде: "Біздің емес халықтың баласы болыңдар, халыққа адал қызмет етіп көз қуаныштары болсаңдар, көптің тілегі қабыл болар" дейтін. Әлі де анашым ақылын айта қалса құлағыма сол сөзін қайталап құйып отырады. Өз қазағыңа адал еңбек сіңіріп көмек қолын созғаның, туған халқыңмен, отаныңа қызмет еткенің екені рас. 

Өз арманыңмен мақсатыңа ұмытыла бастағанда отан сенімен әрқашан бірге өмір сүреді. Армандарыңмен жетістіктерге өз отаныңда жетіп, өз отаныңда жүрегіңді қуаныш кернегенге не жетсін! Ол кез келген жанның армандарының бірі шығар деп ойлаймын. 
Туған жердің күн мен түні, ауасы мен топырағының өзі ерекше ыстық! Оның көк майса шөбі мен мөлдір суының өзін алыс жырақ кетсең жүрегің соның бәрін аңсап сағынып тұрады. Иә менде осы арада мен өзім туып өскен жерім, туған жерім Жұмекен ауылым туралы кішкене болсада әңгімелеп, алдымен оның атауынан бастағым келіп отыр. 

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Көрнекті ақын атамыздың аты берілген, менің ауылымның табиғатты көркем,ауасы таза, топырағы құнарлы, жасыл алқап жайылымдары самсап тұратын тамаша жер. 

Мен оның табиғатын ауасын, көлдері әсем көрінісін ерекше жақсы көрем. Ауылда өткізген әр күнің қызықты сәттерге толы болатыны рас. Мен өз ауылымдағы бір күнімді баяндап бергім келіп отыр. Мамыр айы. Бүгін ауа райы тамаша. Көк ашық аспанды қарлығаштар шыр айналып ұшып жүр. 

Құлпынай мен бүршік жарған теректер жанында көбелектер жарыса , ұшып жүр. Бүгін қызғалдақтарды тамашалауға барамыз, көлікке отырып соған қарай жол тарттық жолдағы ауылымның табиғатты өте ерекше, жасыл көк майса алқап, күн сәулесіне суы мөлдіреп жылтылдап тұрған шағын өзен мен көлдер, онда әдемі жүзіп жүрген әдемі құстарға жататын ақша қардай әдемі аппақ аққулар көзге шалынды. 

Қызғалдақтар алқабына келіп, ерекше үлбіреп құлпырып тұрған, қызыл түске әдейілеп боялғандай, ортасын дөңгелектеп қара түске боялып әдемі салынған суретке ұқсайтын, жасыл тамырына әдемі жалғап қойған, самал желге ырғалып сыңғырлап саған сыр айтатындай, көрінетін кішкене гүлдер. Біз отбасымызбен көбінде оны жұлып алмауға тырысамыз, жылдан-жылға үлкейіп тамыр жайсын деген мақсатта, көктемде ең алғаш бүр жаратын шынайы ықыласпен тілеген тілектер қабыл болатын гүл деп жатады, соған байланысты тілектерімізді айтып, құлпырған қызғалдақтар арасында отбасылық суретке түсіп, туған жердің әдемі жеріңде өзгеше бір ерекше демалып қайтамыз. Кез келген адам өз туған жерін, өзіндік жүрек сезіммен жақсы көретіні анық. Себебі ол онда балалық шағы мен өмірінің қызықты сәттерінің көбін ауылында өткізеді деп ойлаймын. 

Сондықтан көп адамның жүрегінде өз ауылында өткізген бақытты естелік сәттер жадында әрқашан сақталып отырады. Әр тұлғаның есінде ауылы яғни отанында өткізген бір күндік қызықты сәттері болады және сол оқиға жайлы сұрай қалсаң жасыда кәрісі де күлімдеп отырып есіне алып басынан аяғына дейін қызықты етіп баяндап береді.

Бұның өзі олар қайда жүрседе, тіпті өзі қандай жасқа келседе өз ауылдары яғни туған жерлеріне деген махаббаты олардың жүректерінде әрқашан сақталып жүретінінің бірден-бір дәлелі. 

Адамзат баласы өмірге келе сала өмірнің қызығы мен шыжығын отанымен бірге көріп, ғұмыр кешеді. Сондықтан отан онымен әркез бірге болатыны анық. Биік асқақ армандарымен мақсаты қалыптасып, бәрі түбегейлі отаныма деген сөздермен ұштасып жатады. 
Менің отаным – Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар өркениетті ел. Ол күн санап дамып өсіп өркендеп,көркейіп келе жатыр. Менде өз отанымның одан əрі дамуына кішкене болсада өз үлесімді қосқым келеді. Бұл тек менің ғана арманым мен тілек ойым емес, бұл жүрегі қазақ деп соғатын əр тұлғаның арманы ізгі тілегі ойы деп білем. Отаным саған айтарым тек ізгі ниетпен жүректен шыққан шынайы тілектер ғана! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Отбасымыз аман болсын, әр отбасы тек бақыт пен қуанышта өмір сүрсін. Бейбітте бірлігі мығым қазақ елі тек достықтарыңмен бауырмалдықтарың мәңгі болсын! 

Менің Отаным Қазақстан! Тəуелсіз тұғырлы елім кең байтақ ұлан ғайыр жерінде тек тыныштық əуені əуелетіп ойнасын, далаңда жас ұрпақтардың жарқын күлкісі ғана естілсін, əр тұлғаның көзі тек бірлігі мен татулығы жарасқан тынышта бейбіт қазақ елін ғана көрсін, олардың жүздерінен қуанышпен бақытты ғана көрсін, даңқың əрқашан асқақ болып, болашақ келер ұрпақ ерекше көркейіп,биік шыңға талмай өрлеген,əлемді таңдай қақтырған алпауыт ел мен өз отанын көрсін. Көк аспаныңда тыныштық пен бейбітшілік əуені ғана ойнап, көк туың көк жүзінде əрқашан қалықтап, биік шыңдарда ғана желбіреп тұрсын!

Т. Раушанұлы