Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Жұмабаева Нұргүл. "Отаным, саған айтамын"

Жұмабаева Нұргүл. "Отаным, саған айтамын"

Жұмабаева Нұргүл.

Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Жұмабаева Нұргүлдің шығармасын ұсынамыз. 

Жұмабаева Нұргүл Дулатқызы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласының 1993 жылы 28 қаңтарда өмірге келген. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, филология факультетінің түлегі.

Осы эссені бастамас алдын ойыма Көкшетауым түсіп кетті. Көкшетаудың таулары, жасыл ну ормандары, өзен-көлдері, тіпті жусан иісі аңқыған таза ауасы мен қысы-жазы бір кетпейтін самал желі бәрі-бәрі көз алдыма келеді. Басқа қалада қанша жүрсем де, жаным туған қалам Көкшетауыма бұрып тұрады. Сағынамын. Мерекелік демалыстарда міндетті түрде Көкшетауыма барамын. Үйде мені күтіп отыратын ата-анам бар. Ата-анамды көріп бір қуансам, Көкшетауымды көріп екі қуанамын. Үйімнің терезесінен қарағанда кезде Бұқпа тауы мен Қопа көлі көрінеді. Ал таудың ар жағында қайыңды орман бар.

Кейбіреулері "сенің қалаң кішкентай, ол жерде қызығатын ешнәрсе жоқ" дейді. Бірақ, біздің төңіректе әдемі табиғи жерлер өте көп: Зеренді, Орманды бұлақ, Бурабай, Имантау, Арықбалық, Шалқар, Қошқарбай таулары және т.б. Менің туған өлкемнің айналасы тұнып тұрған жап-жасыл пейзаж ғой. "Тау баласы тауға қарап өседі..." демекші, басқа қаладан келген таныстарымнан "туған еліңде тау бар ма?" деп сұраймын. Неге екенін білмеймін, жаным таулы-тасты жерге құмар.

Осыдан жарты жыл бұрын бір таныс құрбым психологиялық тест өткізді. Ол тестте төрт есік берілген. Көзіңді жұмып, ойша әр есікті ашасың. Ашқан кезде не көресің, соны айтып беруің қажет. Көзімді жұмып, бірінші есікті ойша аштым. Ол жерде не көрдім дейсіздер ғой. Иә, ол жерде мен тауларды көрдім. Жасыл орман мен егістік даланы көрдім. Бетеге мен жусанды көрдім. Көбелектердің ұшып жүргенін көрдім. Көрген нәрсемді құрбыма айтып бердім. Тест нәтижесі бойынша бірінші есік − ол сенің балалық шағың, балалық шағың өткен жер екен. Мәссаған Мынаны қараңыз! Ойымда мен өз туған жерімді сипаттаппын. Балалық шағым өткен жерді көріппін. Бұл сәйкестік пе, қалай сонда?!

Алғаш Астанаға келгенде де "бұл жерде тау жоқ, орман жоқ, көл жоқ" деп көңілім тоя қоймайтын. Демалыстарды асыға күтетінмін (құтты бір студент сиякты). Таксиге отырып, Астанадан шыққан бетте бірінші Шортанды, одан кейін Ақкөл, Біржан сал, Бұланды аудандары, кейін Бурабайға жақындай бастаймыз. Осы жерден бастап қайталанбас сурет басталады... Өз туған жеріме жақындаған сайын "табиғаттың осындай сұлулығын жаратқан Алланың құдіретінде шек жоқ" деп іштей мақтанып қоямын. Солай Көкшетауыма да жетіп қаламын. Қалаға кірген кезде ішім бір түрлі жылып қоя береді... Міне, мен мектепке барған жол. Ал, анау колледж бен университетке апаратын көшелер. Мына саябақта құрбыларыммен балмұздақ жеп, қыдырғанбыз. Ал мына жермен марқұм апам (әжем) екеуміз серуендеген едік. Сол көше, сол үйлер, сол жолдар...Ал менің көз алдымда фотопленка тәріздес кішігірім сюжеттер жүріп жатыр. Тіпті қаламның ауасы да ерекше, өкпемді толтырып дем алатындай таза сияқты. Адамдары да сондай ыстық көрінеді. Ал үйге кірген кезде сағыныштан екі көздері төрт болып, бар жылы-жұмсағын пісіріп тосып отырған әке-шешемді көремін. Жасым 26 болса да, сол сәтте өзімді сабақтан шаршап, қарны ашып келген 6 жасар бүлдіршіндей сезінемін. Тамағымды ішіп болып, терезеден Бұқпа тауына қараймын. Тау сол қалпында, бір өзгермеген. Киініп көшеге шықтым. Астананың күнделікті сүркіл тірлігіне үйреніп қалған маған, айнала тып-тынық болып көрінді. Өзіме таныс соқпақ жолмен кетіп барамын. Жан-жағыма қараймын. Беталысым сол Қопа көлі. Жеткен бойда көлдің жағалауында отырып, демаламын. Ойыма өткен-кеткен нәрселер, ұсақ-түйектер орала береді. Көлдің бетіндегі кішігірім толқынға қарап денем босаңсып, маужырағандай болады. Себебі, мен үйдемін. Мен Көкшетауымдамын.

Кешке достарыммен Бұқпа тауына барып көтерілеміз. Таудың бас жағына мініп, жан-жағыма көз жіберген кезде Көкшетау алақандағыдай болып көрінеді. Қаламыз шағын. Оң жағымда кілең үйлер болса, сол жағымда жаңағы Қопа көлі жатыр. Салқын самал жел бетімді сипай өтіп, «қош келдің, сағындың ба?!» дегендей... Кезінде Мәмлүктерді билеген Сұлтан Бейбарысты еліне қайтарған бір тұтам жусан иісі еді. Бөтен елде әмірлігін жүргізіп, өзін мойындатқан Әміршіні туған жеріне деген сағыныш сезімі жеңді. Ата-анам "Көкшетауды ешқандай қалаға айырбастамаймыз" дейді. Менің де ойым сондай. Қандай қалаларда болсам да, тіпті шет ел асып кетсем де, менің қалам менің жүрегімде ең бірінші орында тұратын болады. "Туған жердің топырағы адамды жібермейді" дейді, ол рас.

0
Рейтинг: +4

Фото: Жұмабаева Нұргүл
Қосылған күні: 03 маусым, 13:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.