Бабалар сөзі: Тораңғы әулие туралы аңыз

Бабалар сөзі: Тораңғы әулие туралы аңыз
Фото: ordainfo

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады. 

Тораңғылы әулие

Ертеде ғайыптан ба, әлде көктен бе бір бала пайда болады. Бұны біреулер қыз екен дейді, біреулер ер бала екен дейді. Бірақ негізінен ер бала көрінеді. Сол бала жас кезінде қайтыс болып, сол жерге жерленеді. Кейін баланың бейіт басына Тораңғылы ағашы пайда болып, дарақ болып өсіп шығады. Бала бейітінен қасиетті жағдайлар көрініп, халық баланы әулие бала деп жо­риды. Сонымен сол бейітті «Тораңғылы әулие» деп атайды. Тораңғылы ағашының бір бұтағын кесіп, не шауып алған адам­дар көрер көзге зардап шегіп ауырғандары байқалады. Содан кейін бір де бір адам бұтақ алмайтын болған.

Дереккөз: inform

С. Ерсін