- Негізгі бет
- Проза
- "Абай Жолы" романының...
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #35
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #31
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #32
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #33
"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #34
Қастықта
3
Әзімхан төре сиязға шейін жедел шақырумен кетіп қалды. Арқаттағы Шербешнай (төтенше) сиязына Тобықтыдан жиырма болыс, екі жүз елуге жақын би жиналды. Бұл сиязға куәгер болуға Абайды да шақырған. Бір кез Абай жиынның ортасына шығып, айналасын қоршай отырған намысы мен адамгершілігі саудалы болыстар мен билерге бар шындықты айтады. Жер шын мәнінде Уақтікі еді. Ал шайқастың қасіреті бүкіл кедейлерді одан әрі күйзелтіп жіберді. Қол-аяғы сынып, көзі шығып, бар тісі төгіліп, қабырғасы сынғандар қаншама. Ал Оразбайлар болса Тұщыкөлде қалған он үш жігітін есінен шығарып та жіберген. Шайқастың тауқыметін байлар емес, кедейлер көріп жатты. Осының бәрі айтылғаннан кейін, ояз өз шешімін шығарады. Жер Уақта қалып, соғыстың шығынын Тобықты төлейтін болады.
Жиырма күн өтіп, Көшбикеде Тобықты болыстарын қайта сайлау басталады. Шұбар, Әзімбай, Елеу мен Сәмендер алдыңғы болыстар болатын. Қолына болыстықты алып, елге зорлығын өткізіп жатқандар осылар еді. Абай өткен сиязда осы болыстардың ендігі сайлауда қайта тағайындалмауына барын салып, әрекет етенінін айтқан еді. Араларында әсіресе Сәмен қара оймен жүретін. Абай сайлауға келіп, Кәкітай және үш жігітпен оңаша үйге қонғанда Сәмен он шақты жігітті бастап кіріп, іштегілерді табалап, өлтіре жаздайды. Кәкітайдың айғайымен ояз әскерлері арашалап алады. Ақшоқыға Абайды жоқ пен бардың арасында қалғандай талған күйінде арбада алып келеді. Аллаға шүкір, Абай аман қалады. Бірақ ол өңкей надандардан шаршаған болатын. Оған қоса, Әбіштің кеткеніне Мағрипа да шыдай алмай, артынан өледі. Ақшоқыда мұң үстіне мұң болып, ел қайғырады.
Шайқаста
1
Абайға жасалған қастық шартарапқа тез тарайды. Оны сүйіп қадірлейтін, өлеңдерін жатқа білетін момын ел қатты қайғырса, ақылдысымақ бай мен билер Оразбайдың бұл ісін құптап отырады. Осыдан бір жыл өтеді. Семейдегі Затонда грузчик болып жұмыс істейтін Сейіт өзінің туған елі Тоғалыққа қонақ болып келген болатын. Оның Жомарт, Омар және Әбді деген жақсы достарымен көңілді күндерді өткізеді. Сейіттің Есболатта Айса деген досы болатын. Сол досын көргелі барады. Айса дәл Оразбайдың көршісі екен. Сейіт барып ел ішін әндете кетеді. Оның әндерінің бәрі Абай жазғандары болатын. Бұл жайды Оразбай есітіп, Сейітті қатты жазалайды. Оның басын жер бетінде қалдырып көмдіріп тастайды. Сосын оған көмекке Айса да бара алмайды. Жарты күн көміліп жатқан Сейітті түн жарымда Айса босатып, еліне жөнелтіп жібереді. Ол кез Тоғалақта ел қалың болатын. Себебі Құрбан айт кезі еді. Сейттің қорлығын көрген достары бір сәтте жиналады. Көп өтпей бес жүз қол дәл Оразбайдың ауылына қара бұлттай төнеді. Ұрлап жиған байдың үш мың жылқысын тырым-тырақай шашып жібереді. Ауыл түгел ойрандалады. Әрине өзі кішкене ғана ауыл болғандықтан бес жүз атты екі рет таптап өтсе жететін еді. Осылай Сейіттің кегін оған қоса Абайдың кегін асыл достары қайтарады.
Сурет: zhasorken.kz
Ж. Өрісбай