"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #34

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #34

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #30

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #31

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #32

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #33

Қастықта

1

Иә, ел ішінде тағы бір бүлік шығатындай. Тобықтыға көршілес Көкен және Уақ рулары қаладан землемер (жер өлшеуші) шақыртып, қағаз жүзінде Тобықтының Қарақұдық, Төреқұдық, Қоғалы, Обалы, Шолакеспе, Қанай, Басжымба секілді жерлерін иемденіп жатты. «Жау үлкені – елдің жауы, дау үлкені – жердің дауы», - деп Тобықты баскесерлерін айқасқа жиып отырған Орайзбай еді. Абай бұған араласпады. Себебі ол жерлер расында Уақтікі болатын. Уақтың Серке деген пысық жігіті жер туралы қағаздарды жинап, жыл бұрынғы сиязда ояздарға тапсырған. Іс қаралмай жатып, Тобықты жігіттері ояздың үйін сол қағаздармен бірге өртеп жіберген еді. Енді Серке қайта соны реттеп жатты. Оразбай, Әзімбай және Жиреншелер жүз жігітті ертіп, абырой жиғалы бара жатты. «Елдің аузы – елу» дегендей, Серке жау шабуға келе жатқанын алдын ала білген болатын. Ол да атқамінер жігіттері бар жиырма ауылды Тұщыкөл деген жерге жинаған еді. Үйлердің шырақтарын ерте өшіріп, қалың жылқыны көрнекілікке көрсетіп қояды да, өздері сақадай сай тұрады. Оразбай жігіттері әдеттегідей дереу атқа шаба түседі. Жылқы шауып әкетуді ойлаған топтың он үш жігіті мен жиырма сәйгүлік аты Тұщыкөлде қалып қояды. Жеке басына абырой аламын деп ойлағандар, елге масқара болады.

2

Тобықтының Бұғылы болысында жиын өтіп жатты. Бұл бұрын соңды болмаған жиын болатын. Оны ел «санақ» деп атап кеткен. Халық санағы. Аймақтық санақты Семейден бүкіл далаға білімділігімен танылған Әзімхан дейтін төре өткізіп жатты. Оразбай төреге аса құрмет көрсетіп, ханға тіккендей киіз үйлер тіктіреді. Елу шақты киіз үй Көксеңгір жотасына тігіліпті. Қонақтарды күтуде Оразбай еш сараңдық танытпады. Себебі ол төремен жақындасса, Абайды құрту оңайға түсетінін ойлады. Бүгінгі күнде Оразбай баласы Елеу болыс үш мың жылқысы бар бай болатын. Оразбай, Әзімбай, Елеу, Ысқақ, Жиренше және Шұбарлар он күн бойы төрені Көксеңгірден кетірмей жақсы танысып араласады. Әзімхан білім жолындағы талай қызықтарды айтатын. Ол Шұбармен оңаша сөйлесіп отырғанда Абай жайлы сұрап қалады. Төре бір жыл бұрын Абай деген ақын орыс ақындарынан өлең аударатынын есітіп, әндерін де тыңдап таңданған екен. Қазір Абай ауылы Шақпақ деген жерде болатын. Төре қасына Елеу, Шұбар және Әзімбайды ертіп, сол Абай ақынға амандасып қайтуды ұсынады. Бірақ қасындағы үш қу арам жол-жөнекей Абайды беті қара етіп түсіндіреді. Төре оларға сеніп қалып, ауылға жеткен жерден кірмей қайтып кетеді. Семейдің оязы Маковецкий көктемдегі жер дауы және шайқас бойынша Арқат деген жерде сияз өткізгелі жатыр екен. Осыны Оразбай төреге білдіреді. Абайды тағы да жамандап: «Өз Тобықты елін сатып, Уаққа болысайын деп жатыр», - дейді. Төре баста Абайға өте риза болып келген еді. Енді ыза боп, өзін сиязға араласуын айтады.  

Сурет: kk.wikipedia.org

Ж. Өрісбай