Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Біз жақта Күз..."

"Біз жақта Күз..."

Құрметті жырсүйер қауым, қазақ поэзиясының көшін алға сүйреуге ат салысып жүрген жас ақындардың өлеңдерін жариялауды жалғастырамыз. 


Саян Есжан 1991 жылы 2 маусымда Ақмола облысы, Бурабай ауданына қарасты Түлкілі ауылында дүниеге келген. Осыған дейін талай республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы атанды. 2011 жылы Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлер форумының жүлдегері болып, Қалижан Бекхожин атындағы сыйлықты иеленді. Қаламының ұшымен жыр-моншағын түзген жас ақынның шығармашылығымен таныс болайық.


* * *


 Сырғып жатыр мезгілмен сынап -Уақыт ,

 Сезім мен Төзім жолын жырақтатып...

 Жүрегімде бар еді бір-ақ ару,

 Жүрегімде бар еді бір-ақ бақыт...

 Басқамен таптың ба екен өмір жолын,

 Жайладың ба өзгенің сенім көгін?!

 Ұштың екен қай жаққа Бақ құсым-ау,

 Жазған-ай, кеше ғана қолымда едің?!

 ...Ой - солғын. Көңіл - сынық...

 Бүгін тағы,

 Аулада Жел өксігі - ымырт әні.

* * *


Біз жақта Күз...

 Үнсіздік әуені − өктем,

 Кеңістікте билеп жүр әуелеп дем...

 Сен Көктем боп келер деп сеніп едім,

 Қане, Көктем?!

 

 Біз жақта Күз...

 Аспан   - сұр, дала  - сары,

 Мезгіл табы  - анау гүл қауашағы.

 ...Аласұрып жанымда желіккен Жел,

 Қара сұры көшемен адасады.

 

 ...Тырналардың үнімен тыраулаған,

 Бір іңкәрлік санама қылаулаған.

 Жүректегі айықпас дерттей бүгін,

 Мына түн тұмаураған...

 Әрнеге бір жалтақтап алаң көңіл,

 Сен жайлы жыр оқиды далам небір...

 Дәл өзіңдей алдымда шашын жайып,

 Дәл қазір таранды Өмір...

 

 Бәлкім, біздің Тағдырдың өрімі осы,

 Бәлкім, біздің сезімнің соңы да осы...

 Ақылынан дәл мендей адасыпты, әй,

 Сұр Күздің қоңыр есі...

 Біз жақта Күз және Мен...

Қараша


 Қалтыраған жер қабағы,

 Оңаша аспан отыр шерге оранып...

 Жұлдыздар көкшіл жасын бұлайды ұзақ

 Жамалын ай сипаған желге налып...

 

 Еңсемді езсе табы есер күннің,

 Уақыттың қолындағы кесел-мұңмын.

 Көзіңнің кәусарынан тұнып ағам,

 Содан соң...кеуіп, семіп өшем бір күн.

 

 ...Ұйқыда қазір меңіреу мына ғалам,

 Ұйқыда қазір мына құба далам...

 Жіберіп үшбу сәлем ақ бұлттардан,

 Қалқатай, тағы да үнсіз тына қалам.

 Солай...солай...


* * *


Өткен күннің сене бер, наласы ұмыт,

Бүр жарады сөзімнен жаңаша Үміт...

Кездесуден көңілім қалтырамас,

Қоштасудың жанымды жарасы үгіп...

 

Секемшілдеу болса да солай ғұмыр,

Сенімімді өлтірді талай «күбір».

Жұлдыз жауған тамшылап талайғы түн,

Жаңбыр саулап жанардан талайғы іңір.

 

 ...Бүгін маған қызықсыз бақ та қоңыр,

Біз сүйетін қызықты аппақ Өмір...

Жетім бақтың қоп-қоңыр өксігімен,

Жетімсіреп көңілсіз жатқан өңір.


Сумаң етіп күндерім сұр жыландай,

Сусып алға әйтеуір жылжығандай.

...Мендік ғұмыр ғазалы бүгін осы −

Басы, аяғы тұратын бір құралмай...

Жаным...

 
Долы желдей мен бүгін сан құбылдым, 

Дәмін татып бұлтынан таңғы нұрдың. 

Шұғыласын тіміскіп өзегіңнің, 

Ізін таппай сен жүрген сан дүбірдің... 

 

Күйініштен ойдағы жырақтамын, 

Тек өзіңді, Айым-ау, ұнатқанмын. 

Арманымның тамшысы таусылыпты, 

Тамшысы жоқ сезімді жылатқанмын. 

 

Көк зеңгірге «сүйем» деп жар саламын, 

Сүю қандай азап-ау, жан самалым. 

Сұлулығың толғантып мендейлерді, 

Нұр жүзіңе табынған қаншама мың. 

 

Қасарысып тірліктің түн қабағы, 

Байғұс жаным неліктен мұңданады?! 

Терезеңе телміріп қарай-қарай, 

Жазғым кеп тұр жырымды мың даналы. 

 

Сан ойланып тағы да өзің жайлы,  

Жарып шығар миымды төзім-қайғы. 

Сені көрсем біткені күрсіністің... 

Ақ жүректен келмейді сөз ыңғайы. 



Тулатқызып өр рухты қазақ қанын, 

Жыр-жанымды бір өзің азаптадың. 

...Мен жазбаппын жүрекке қаріппенен, 

Жазатайым жазған-ау Жаратқаным... 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: web-mirror.net, mail.ru

9139 12
Рейтинг: +7

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 11:23
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 12:09

...Ой - солғын. Көңіл - сынық...

Бүгін тағы,

Аулада Жел өксігі - ымырт әні.

+0
14 ақпан 2013, 12:35

Арманымның тамшысы таусылыпты,

Тамшысы жоқ сезімді жылатқанмын.

+0
14 ақпан 2013, 12:56

Сұр Күздің қоңыр есі... Саянға сәттілік тілеймін.

+0
14 ақпан 2013, 13:02

Жақсы екен. Маған әсіресе мына жолдар ұнады Күйініштен ойдағы жырақтамын,

Тек өзіңді, Айым-ау, ұнатқанмын.

Арманымның тамшысы таусылыпты,

Тамшысы жоқ сезімді жылатқанмын.

+0
16 ақпан 2013, 17:05

Е, досым... өлеңдерің өлең екен... Алматыға келіу ғана жетпей тұр... алдабайда жуу керек ғой))

+0
18 ақпан 2013, 13:41

Қандай жақсы өлеңдер...

+0
18 ақпан 2013, 13:41

Маған ұнайды!

+0
19 ақпан 2013, 00:47

жақсы екен...

+0
19 ақпан 2013, 19:21

жаксы жаксы

+0
29 наурыз 2013, 16:37

Әдемі ғой...
Біз жақта Күз және Мен...

+0
05 шілде 2015, 02:22

Саке,курдас!!!онерин орге жузсин!Атыраудан курдасын Нурсултан!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...