Әдебиет бойынша Нобель лауреаты анықталды

Әдебиет бойынша Нобель лауреаты анықталды
Фото: nobelprize.org

АҚШ ақыны Луиза Глюк 2020 жылғы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы Нобель комитеті хабарлады.

Америкалық ақын Луиза Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте дүниеге келген. Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында тұрады. Коннектикут штатындағы Нью-Хейвен, Йель университетінің профессоры. Ол 1968 жылы тырнақалды өлеңдер жинағын шығарып, көп ұзамай америкалық заманауи әдебиеттегі ең көрнекті ақындардың бірі ретінде танымал болды.

Ақын бірнеше беделді марапаттарға ие, олардың арасында Пулитцер сыйлығы (1993) және Ұлттық кітап сыйлығы (2014) бар.

Глюк Массачусетс, Йель, Бостон, Айова университеттеріндегі Уильямс колледжінде ағылшын тілінен сабақ берген.

Айта кетейік, кеше Химия саласындағы 2020 жылғы Нобель сыйлығы Эммануэль Шарпентье мен Дженнифер Дуднаға геномды өңдеу әдістерін дамытқаны үшін берілген болатын.

Т. Раушанұлы