"Ұлы дала" байқауының ережесі

"Ұлы дала" байқауының ережесі
Фото: ernur.kz

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласынан соң, жас қаламгерлерге арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы жарияланған болатын. Байқаудың толық ережесін назарларыңызға ұсынамыз. 

"Ұлы дала" республикалық шығармашылық конкурсы туралы 

ЕРЕЖЕ 

1. Жалпы ережелер 

1. "Нұр Отан" партиясы "Ұлы дала" республикалық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – конкурс) 2018 жылғы 9 қазандағы "Нұр Отан" партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде өткізеді. 

2. Осы Ереже конкурсты өткізу мақсаты мен міндеттерін және тәртібін айқындайды. 

3. Конкурстың мақсаты – қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы Қазақстандық авторлардың шығармаларын дамыту, қолдау және насихаттау. 

4. Конкурстың міндеттері: 

өз шығармаларында қазақстандық қоғамды рухани жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін, сондай-ақ қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жас қазақстандық жазушыларды, ақындарды, драматургтерді, сценаристерді, публицистерді анықтау және оларға қолдау көрсету; 

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында баяндалған идеялар мен құндылықтарды дәріптеу; 

Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген идеялар мен құндылықтарды дәріптеу; 

Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау. 

5. Конкурстың ұйымдастырушысы – "Нұр Отан" партиясы (бұдан әрі - ұйымдастырушы), бірлесіп ұйымдастырушы – Қазақстан Жазушылар одағы. 

6. Республикалық "Ұлы дала" конкурсын өткізуді үйлестіру ісі конкурстың өткізілуін ұйымдастыру комитетіне (одан әрі – ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Ұйымдастыру комитетінің құрамы партия төрағасы бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітіледі. 

7. Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау "Ұлы дала" республикалық шығармашылық конкурсын өткізу жөніндегі конкурс комиссиясына (бұдан әрі – конкурс комиссиясы) жүктеледі. 

8. Осы ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі партияның ресми аккаунттарында жариялау арқылы ұсынылады. 

2. Конкурсты өткізу тәртібі 

9. Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі: 

"Проза" номинациясы 

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 500 000 теңге; 

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге; 

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге; 

"Поэзия" номинациясы 

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 500 000 теңге; 

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге; 

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге; 

"Драматургия, көркем фильм мен телесериал сценариі" номинациясы 

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 500 000 теңге; 

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге; 

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге; 

"Публицистика" номинациясы 

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 500 000 теңге; 

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге; 

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге; 

"Балаларға арналған шығарма" номинациясы 

Бірінші орын (1 жүлде) – 1 500 000 теңге; 

Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге; 

Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге. 

10. Конкурстың басталуы туралы хабарландыру партияның ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
11. Конкурсқа қатысатын жұмыстар 2018 жылғы 28 қараша мен 2019 жылғы 15 қаңтар аралығында қабылданады. 
12. Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды техникалық іріктеуді (конкурс шарттарына сәйкестігін тексеруді ескере отырып) және конкурс комиссиясының отырысына материалдарды дайындауды ұйымдастыру комитеті 2019 жылғы 16-18 қаңтар аралығында өткізеді. 
13. Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды конкурс комиссиясы 2019 жылғы 18-25 қаңтар аралығында қарайды. Өз жұмысының қорытындысы бойынша конкурстық комиссия бірлескен шешім арқылы конкурс жеңімпаздарын анықтайды. 

3. Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі 

14. Конкурсқа 18-ден 40 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы. 
15. Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады. 
16. Конкурсқа қатысу үшін жіберілетін жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде жазылуы мүмкін.
17. Ұсынылатын конкурстық жұмыстардың тақырыбы шектелмейді.
18. Конкурс аясында авторлардың 2018 жылға дейін жарияланған шығармалары қарастырылмайды.
19. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
20. Конкурсқа әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
21. Автор/авторлар конкурсқа қатысу үшін жұмысты жібере отырып: 

осы жұмысқа авторлық құқықтың болуына кепілдік береді; 

ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарда жариялауына рұқсат береді; 
 
ұйымдастырушыға немесе бірлесіп ұйымдастырушыға қойылатын қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады. 

22. Конкурсқа қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. 
23. Конкурсқа қатысу үшін "Проза" номинациясында 10 парақтан кем емес, "Поэзия" номинациясындағы мәтін көлемі 5 парақтан кем емес, "Драматургия, көркем фильм мен телесериал сценариі" номинациясында 10 парақтан кем емес, "Публицистикада" шектелмеген, "Балаларға арналған шығарма" номинациясында 5 парақтан кем емес жұмыстар жіберіледі. 

24. Конкурстық жұмыстар А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. 
25. Конкурсқа жіберілетін материалдар пакетінде: 

1) Конкурстық жұмысы бар конверт (бағалаудың объективтілігін сақтау мақсатында және тікелей жұмысқа жеке мәліметтері көрсетілмей бүркеншік атпен қол қойылады). 

2) Конкурсқа қатысуға үміткер туралы қысқаша ақпараты бар жеке конверт (Т.А.Ә., тұратын мекен - жайы, телефон нөмірі, электрондық почта мекен - жайы, фотосурет, үміткердің шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат). 

26. Конкурстық материалдар басып шығарылған түрде, сондай-ақ USB-флеш-жинақтауышта мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 12/1, "Нұр Отан" партиясының Орталық аппараты, "Ұлы дала" конкурстық материалдары деген белгімен және конверттің титулдық парағындағы номинацияның атауы жазылып жіберіледі. 
27. Ұйымдастыру комитеті конкурстық комиссияның қарауына бүркеншік атпен қол қойылған конкурстық жұмыстарды (автор туралы мәліметтерді көрсетпестен) ұсынады. 
28. Конкурстық комиссия осы Ереженің 25-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген конкурсқа келіп түскен конверттерді өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ашады. 
29. Осы Ереженің 25-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дербес деректері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурс жеңімпаздарын анықтағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ашады. 

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі 

30. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. 
31. Конкурстық комиссияның құрамына партияның орталық аппарат қызметкерлері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді. 
32. Конкурстық комиссияның құрамы партия Төрағасы Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітіледі. 
33. Конкурстық комиссия бірінші отырыста дауыс беру парағын бекітеді. 
34. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде конкурстық комиссия мынадай критерийлерді басшылыққа алады: конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, конкурсқа ұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлық тұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби - көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі. 
35. Конкурстық комиссияның конкурс талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық жұмыстарды қарамауға құқығы бар. 
36. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы, егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады. 
37. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 
38. Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. 
39. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар арасында конкурс шарттарына сәйкес келетін материалдар болмаған жағдайда, конкурстық комиссия ұйымдастырушыға және тең ұйымдастырушыға осы номинация бойынша сыйлықақыны толық бермеу немесе ішінара бөлу туралы ұсыныстар беруге құқылы.
Т. Раушанұлы