Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығына арналған жыр мүшәйрасы өтеді

Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығына арналған жыр мүшәйрасы өтеді

Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығына арналған жыр мүшәйрасы өтеді

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының әкімдігі, Байғанин ауданының әкімдігі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, "Ақтөбе Медиа" ЖШС, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай республикалық жыр мүшәйрасы өткізіледі. Оған 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. 

Мақсаты:

Қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, Ақтөбе өңірінің рухани әлеуетін дәріптеу, жас таланттардың шығармашылығын қолдау.

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:

Жыр додасына қатысатын ақындар төмендегі үш тақырып бойынша бұрын жарияланбаған өлеңдерін жолдауы тиіс:
• "Өзгеше өрілген ғұмыр" (Ө.Нұрғалиев туралы өлеңдер);
• "Құтты мекен – Ақтөбе"; 
• Еркін тақырып.

Сонымен қатар автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады, мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті мен жеке куәлігінің сканерленген көшірмелері жіберілуі тиіс. Екінші файлда байқауға ұсынылатын өлеңдері бүркеншік есіммен салынуы керек. Өлеңдер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, on.mushaira@mail.ru электронды мекенжайына 25 қыркүйекке дейін жолдануы тиіс. Негізгі кезеңдер: өлеңдерді қабылдау – 25 қыркүйекке дейін; іріктеу кезеңі – 26 қыркүйек-5 қазан; қорытынды – 19 қазан.

Мүшәйра жүлделері:

Мүшәйра жеңімпаздары арнайы диплом және сыйақымен марапатталады;
Бас жүлде біреу – 500 000 теңге;
I орын біреу – 400 000 теңге;
II орын біреу – 300 000 теңге;
III орын біреу – 200 000 теңге. 
Ұйымдастыру комитеті.

0
Рейтинг: +0

Фото: Жазушылар Одағы
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2018, 17:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.