Маған түк те керек емес - сенсеңіз...

Маған түк те керек емес - сенсеңіз...
Фото: vk.com

Қадыр Мырза Әли – қазақтың ойшыл ақыны. Қазақ поэзиясын ұлттық нақыштармен әрлеген, ұлттық көркемдік ойлау дәстүрін жалғастырған және жаңа көркем образдар тудырған қайталанбас тұлға. Қазақтың ұлттық поэзиясына, өз көркемдік әлемімен, өз таңбасымен келген Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы әркез әдебиеттану ғылымы мен сынының назарын аударып жоғары бағасын алып отырды. Ақын шығармашылығы  қазақ әдебиетінің тарихына  өшпес мұра ретінде енген. Назарларыңызға ақынның өз оқуындағы "Маған түк те керек емес - сенсеңіз..." өлеңін ұсынамыз.

Ө. Сансызбай