Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Тұманбай Молдағалиев: "Бақытты бол, қазағым!"

Тұманбай Молдағалиев: "Бақытты бол, қазағым!"

Тұманбай Молдағалиев:

Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің дүниеге келген күні. Көзі тірісінде классик ақын атанған Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясындағы орны тым ерекше. Басылым беттеріне берген сұхбаттарының бірінде: «Көңілімнен өлеңнің оты өшкен күні жер бетінде жүре қоймаспын. Өлеңнен өз орнымды таптым», - деген еді. Халқының махаббатына бөленген Тұмаш аға 2011 жылдың күзінде көз жұмды.

Ол 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, "Жарсу" совхозында дүниеге келген. Сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы 1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар аралығында "Пионер" журналында қызмет атқарды. 1970-1973 жылдарда "Балдырған" журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиеті редакциясы мен "Жалынның" бас редакторы болып жұмыс істеді. Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтің тұңғыш өлеңі "Украина қызына" жарияланды. Ол Байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, С.Капутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Д.Жалсараев секілді ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ, Т. Молдағалиев қазақ әншілерінің орындауындағы әндердің басым көпшілігіне сөз жазған еді. Қазақ музыкасының дүлдүлдері Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сияқты сазгерлермен тығыз байланыста болып, талай әндердің дүниеге келуіне ықпал етті. Ақын сөз жазған әндермен мына жерден кеңірек таныс болыңыздар. Ал біз туған күн қарсаңында оның бір топ өлеңдерін ұсынып көрмекпіз.
 

Әйел – сенің ақылшың

Әйел – сенің ақылшың да серігің

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,

Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.

Жат біреуге бақыт болып туатын,

Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.

 

Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар,

Әйелдерсіз тірлігіміз не болар?

«Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса,

Еркек байғұс азып-тозып жоғалар.

 

Әйел – сенің аспазың да күтушің,

Әйел барда биіксің де бүтінсің.

Әйел барда жалынсың – сен, отсың – сен,

Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.

 

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,

Ол барында естімейсің қайғы әнін.

Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,

Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.

 

Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің,

Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін.

Өз елінің ұлы болам деген жұрт,

Әйелдерге құл болуды үйренсін.

 

Әйел, әйел – арман әні, жол әні,

Дүниенің кешкі қоңыр самалы,

Әйел сені құл қып алмай алдымен,

Құдай қылып көтермейді жоғары.

 

Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,

Көтер оның мерейі мен беделін.

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,

Өз анаңды мәңгі құрметтегенің. 

Өткен күндерге хат жаздым

Өткен күндерге хат жаздым,

Өшіп қалмасын оты деп.

Іздейді, мүмкін, хат жазды

Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,

Биіктеп ұшсын нар құсым.

Қартайған қайсар жүректе,

Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,

Жігіт едім ғой мен күшті.

Бес жапырағым бар еді,

Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,

Жылады жаным еңіреп.

Көтерісті ауыр қайғымды,

Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай

Орманда осы аз ба, әттең.

Жаңа аяқтанған баладай

Жүремін құлай жаздап мен.

 Махамбет

Екі жүз жыл. Сен туғалы, Махамбет,

Екі жүз жыл жұлдыздарға ұмтылғалы,

Махамбет.

Дұшпаның да, зымыраған жылдар да

Келмеді ғой сені мәңгі құртуға әлі, Махамбет.

Сен жыл сайын биіктедің, асқақтадың,

Махамбет.

Жамандықтың жармасатын

жасқап бәрін, Махамбет.

Көтерілдің биігіне даңқтың да

абыройдың,

Өр өзен боп кең далада босқа ақпадың,

Махамбет,

Жырларыңды бала кезде жатқа айтып ем,

Махамбет.

Жігітімде жігіттерге мақтайтын ем,

Махамбет

Ақындық та ұлы майдан,

бір майданда жеңілсем,

Келесі бір жеңістерге баптайтын ең,

Махамбет.

Сенше кетсек, бұл дүниеге сенше келіп,

Махамбет,

Халық деген ұлы анадан емшек еміп, Махамбет.

Ақындық пен батырлықтың

туын бірдей көтеріп,-

Санамызда от боп жандың

өршеленіп, Махамбет.

Сен тірісің әлі күнге, сен өлмедің, Махамбет,

Шың, асуда атың тайып бөгелмедің,

Махамбет.

Ақындықтың хас батырлық

екендігін, ендеше.

Өміріңмен өзің кешкен дәлелдедің,

Махамбет.

Ел жадында мәңгі бақи есен ерсің, Махамбет,

Саған деген ел пейілі еселенсін, Махамбет.

Дәл өзіндей атқа мініп, дәл өзіндей жыр толғап,

Келетұғын ұрпақтарың өсе берсін, Махамбет!

Бақытты бол, қазағым

Бақытты бол, қазағым,

қайда жүрме,

Бара алмадық көбінде тойға бірге.

Үлестіріп әркімге беретіндей,

Біздің туған өлкеміз бай ма гүлге?!

Біз бітпейміз, жат бізге ондай ұғым,

Табыстадық тарихқа тандай ұлын.

Келін түскен кең үйге кең жүрекпен

Жарасады жасасақ қандай ырым.

Мен елімнің ұнатам ер мінезін,

Көпке қызмет жасаймын жалғыз өзім.

Келін түскен үйлерден әсем үйді

Көрген емес туғалы менің көзім.

Әсем әндер жаңбыр боп төгіледі,

Бақыты көп не деген өмір еді.

Қыз ұзатып жатқан үй қызығымның

Басы болып әрқашан көрінеді.

Оянасың, ойшылым, күнмен бірге,

Көбелек боп ұшасың гүлден гүлге.

Қуанышың көп болын сенің, қазақ.

Аз көрмедің қайғыны бұл өмірде.

Туған жерді көреміз жанымыздай.

Ән бір арман, айтамыз оны бұзбай.

Әрқашанда бақытты болғын, қазақ,

Жиырмадағы жігіттей, ару қыздай.

 Өмір маған...

Өмір маған кейде тау сияқты,
Шыңына шыққым келеді.

Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді.

Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді.

Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусын бергім келедi.

Өмір маған кейде бір от сияқты,
Жылысын алғым келеді.

Мен үшін кейде бақыт жоқ сияқты
Өліп калғым келеді.

Өмір маған кейде жақсы дос сияқты,
Күнде көргім келеді.

Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,
Жетектегім келеді.

Өмір маған кейде адал жар сияқты,
Еркелеткім келеді.

Мені күткен бір бақыт бар сияқты,
Ерте жеткім келеді.

Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,
Құшақтап сүйгім келеді.

Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді.

Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз болып күлкім келеді.

Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.

Азайып бара жатыр біздің бұлақ 


Азайып бара жатыр біздің бұлақ, 

Көзіне қарағышпыз қыздың бірақ. 

Көктем келсе, жолында жазға соқпай, 

Өтіп бара жатады күз зымырап. 

Күз кетеді, соңынан қыс келеді, 

Қабақ шытып ызалы тістенеді. 

Сыбағасы бардай-ақ өзі жейтін, 

Кірген үйдің бәріне түстенеді. 

Өрден сайға өрекпіп желмен ұштың, 

Саған аяп қол ұшын бермеді ешкім. 

Үстіңе тон, аяққа етік киіп, 

Қызметінде жүресің сен де қыстың. 

Ешкім көмек бермейді құр жатқанға, 

Ат болдырып, қалады бір жақта арба. 

Денең сергіп, қарайсың көңілің өсіп, 

Дүниені көктем кеп нұр жапқанда. 

Қартайған соң көп күнің жеке өтеді, 

Қиялға да берілме өте тегі. 

Сол көктемге, бауырым, аман жетсең, 

Ар жағын жаз жетелеп әкетеді...

 Кінә қойма, жақсы дос,енді маған 


Кінә қойма, жақсы дос, енді маған, 

Мұнарланған даламнан кеңдік алам. 

Биіктенем қарап ап тауларыма, 

Жылау үшін өмірге келді ме адам? 

Жоқ, келгем жоқ дүниеге жылау үшін, 

Елімдікі бойдағы бұла күшім. 

Мен шыққанда саңқылдап сахнаға, 

Үнсіз ұйып тыңдайды үлкен-кішім. 

Салғырттықты сара жыр қуалады, 

Тау биігі мекенім, гүл алабы. 

Үнсіз тыңдап жырымды балаларым, 

Бір бақытты көргендей қуанады. 

Бүгін, міне, заң басқа, заман басқа, 

Беріп бақтым қол ұшын әман досқа. 

Жақсылық боп көрінсем жамиғатқа, 

Керек маған қандай бақ одан басқа?!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

37781 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 наурыз 2014, 11:52
Пікірлер
+0
20 наурыз 2014, 13:56

Керемет жырлар!!!

+0
20 наурыз 2014, 17:23

Композитор Ержан Белғозиев жарының әкесі, яғни атасы Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне көптеген әндер жазған.

+0
25 наурыз 2014, 14:19

Өлеңдерінің өзі ғасырлық романға татиды ғой :o

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...