Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Қазбек Құттымұратұлы: "Жүдеулігі көңілдің күзден шығар..."

Қазбек Құттымұратұлы: "Жүдеулігі көңілдің күзден шығар..."

Қазбек Құттымұратұлы:

Қазбек Құттымұратұлы 1970 жылы Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жаманқұдық ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда, студенттердің "Толқыннан толқын туады" жинағында (1995), “Жас ақындар жырларының антологиясында” (2000) жарық көрген. 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың демеушілігімен “Сағыныш” атты жеке жинағы Алматы қаласындағы “Өлке” баспасынан жарыққа шықты. Жергілікті мүшәйралардың бірнеше мәрте жүлдегері. 2004 жылы VII Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінде ІІ жүлдені иемденді. 2010 жылы "Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы" сериясымен Орал қаласында жарық көрген "Жас жүректер жырлайды" жинағына бір топ шығармасы енді. Орал қаласында тұрады.

Қадірлі оқырман, сіздердің назарларыңызға ақын Қазбек Құттымұратұлының махаббат лирикасынан топтама ұсынамыз.

Ой

Бір ой мені көп болды мұңайтып жүр.

Көптен бері көрінді Күн, Ай тұнжыр.

Көптен бері ат ізін салмай қойды

Нөсер болып көгімнен құлайтын жыр.

 

Айдын көлде адасып жүзген сыңар

Жүдеулігі көңілдің күзден шығар...

Жүрегім алаңдамай қойды ешкімге

Сенің орның толмасын білген шығар.

 

Бір ой мені күні-түн мұңайтады,

Кім естіді жанымның бұл айқайын.

Сенің орның бөлек деп қоймай қойды,

Сірә, сірә бұл шіркін шын айтады...

 

Бәріне де бас ұрып көнген көңіл

Осылай болатынын білген бе еді?

Әлдеқашан әйтеуір күз келгелі

Жүрегім ешбір жанға сыр бермеді.

 

Сыр бермесем, соншалық бекем бе едім,

Бекем боп көрінем деп не көрмедім?

Сен жанымнан кеткелі жалғыз қалып

Жазирасын уайымның мекендедім.

 

Көйлегімнің жағасын жел жұлмалап

Сағымдардан іздедім қол бұлғаған.

Құшақ жайдым түсімде сені көріп:

- Есенбісің, жаным-ау, келдің бе аман?

 

Араз болып мұңсыздау жас күніммен,

Сағынышпен жалғадым кешті күнге.

Жанарыма жасырған жан сырымды

Жаның нәзік еді ғой, естідің бе?

 

Сезіміме сабырым басу айтып

Іздеп жүрмін, бақыттың көші қайсы

Менен ақыл күттің бе, інішегім,

Жаны жарты адамнан не сұрайсың?

 

Өмірдің заңдылығы бұлжымайтын,

Күзден бе екен, күн жиі тұнжырайтын.

Өзің жоқсың жанымда.

Содан ба екен

Бір ой мені әйтеуір жүр мұңайтып...

*   *   *

Түсінбей өзіңді-өзің жүрсің бе сен,

Қайтеді оңашада күрсінбесең…

Сен менен қалай, қайтіп құтыласың

Ішінен жүрегіңнің дүрсілдесем?!

 

Жалғаннан жан жарымды таптым да әрең,

“Құтқар” деп жалғыз сөзді лақтырған ем.

Өзіңнен өзің безіп қаштың қайда,

Миыңа сіңіп кеткен жоқпын ба мен?!

 

Тиетін қылығың жоқ маған оғаш,

Сүйетін жырымыз да мағыналас.

Сен қалай әлі күнге ұқпай жүрсің,

Екеуміз бір жан едік ажырамас?!

 

Өзіңді өзің қинап кеттің жырақ,

Ес кетіп, қалдым мен де көп тұнжырап.

Бір сәтте шың басына шығарып ең,

Қайтадан шыңырауға кеттім құлап.

 

Өзгерсе бұл өмірдің сазы бұлай,

Қуат бер, жігерімді жаны, Құдай!

Мен бүгін ер болсам да қалдым қаусап,

Сен қалай шыдап жүрсің, нәзігім-ай…

*   *   *

Күнбағыстай Күннің жүзін аңдыған

Сені көрсем шешек аттым - бар кінәм.

Ханға айналдым қарасирақ жарлыдан,

Дүрге айналдым диуанадан қаңғыған,

Қалай шыдап төзе алады жан бұған?!

 

Сені көрсем сыр ашылып жасырған,

Толқын болдым жағаға кеп бас ұрған.

Бас ұрып ап, бәсі қымбат сезімді

Бермеймін деп қайта қаштым қасыңнан,

Кешіре көр, кешіре көр, асыл жан!

 

Ақылы ерен, жүзі жарқын, топ алды

Сені көрсем мұңданатын боп алдым.

Құштарлығым іштарлығым емес қой,

Кебін бірақ қалай кием Қодардың?!

Пері қызым, кімге тастап жоғалдың?!

 

Күнбағыстай Күннің жүзін аңдыған

Сені көрсем шешек аттым - бар күнәм.

Хан қылдың да кете бардың дал қылып

Қайта айналдым диуанаға қаңғыған,

Қалай шыдап-төзе алады жан бұған?

*   *   *

Ақылдың кені, болмаса сезімнің күші

Осындай сәтті сағынып езілді ме іші?!

Шу жұтып, уды қылғытып шаршаған жаным

Жанарыңа еніп, келеді көз ілдіргісі.

 

Осы бір сәтті сағынып, мың ғасыр күтіп,

Ай маңдай абзал арманын шыңға сырғытып,

Мылқаудай мұңға малшынып үндемей келген

Сөйлейді жүрек, ынтыққан ымға тіл бітіп.

 

Не деймін мұны?! Кеудеден қызбалық кеткен,

Серпілмеспін деп жүруші ем мұңданып көптен.

Сыңғырлап шыққан даусыңды құлағым шалып

Іздедім Жерден жұлдызды түнде ағып кеткен.

 

Шаттығым, мұңым, бақ күнім сенде кеткенмен

Таңменен бірге шығатын дөңгелеп белден

Күндей боп гүлдеп үмітім атып келеді -

Махаббат па бұл мазасыз, кенжелеп келген?!

 

Ақылға толы жанарың, сезімге кенсің,

Құрыштан құйған тұп-тұтас төзім де сенсің.

Сарғайып күткен сарылып азабым сен бе,

Ғаламға тартар ғазалым өзің бе екенсің?

*   *   *

"Жалған кезіп Жарды іздеумен зарланған

Пақыр едім, көрдім сені.

Бар ма арман?

Таныдың ба, қасиетті қабырғам,

Қалыбымда қалжыраған, шал болған?!

 

Қамыр болды сақалдан жас құмға аунап.

Қайырлы бол, қара көзде тұнған бақ" -

Жамалы айдай хас сұлудың алдында

Әжім-әжім бір қара шал тұр зарлап.

 

Қартты бірі ғайбаттайды, бірі аяп,

"Бізді ақыры кездестірген Құдай ақ" -

Деп қария қайталайды дұғасын

Ал қыз болса, қашып берді қу аяқ.

 

Ұшты бақыт,

Қартты Құдай қалды атып,

Кетті сұлу бейшараны зарлатып.

Екі қолын созады ол: "Тоқтай тұр,

Сақалыммен мәсің сүртсем - сол бақыт...

 

Танымадың, көзің тұман мәңгірген.

Жаным, әнім, ажырай ма мәңгі іргем?

Сенен шыққан жалғыз ауыз сөз үшінт:

Тамұқты да төңкеруге бармын мен".

 

Шал жылайды өкше ізіне сәжде етіп,

Бұдан асқан бақыт жоқтай өзге түк.

"Бұл өмірде бар болғаның үшін-ақ

Мен Аллаға рақмет айтам, көр де тұр..."

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: vk.com, luxfon.com 

Қадірлі оқырман, сіздердің назарларыңызға ақын Қазбек Құттымұратұлының махаббат лирикасынан топтама өлеңдерін ұсынамыз.
Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 21 қараша 2013, 09:38
Пікірлер
+0
21 қараша 2013, 09:36

"Мен бүгін ер болсам да қалдым қаусап,

Сен қалай шыдап жүрсің, нәзігім-ай…"

+0
21 қараша 2013, 14:09

Біздің Қазыбек ағаның өлеңдері шіркіііііін...

+0
21 қараша 2013, 20:23

Қазағамның өлеңдерінде жұрттан өзге еректік бар. Жазда біз де ағамыздың өлеңдерін жариялап едік.
http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=232&CURENT=&ARTICLE=6392

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.