Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Ана тілім - Алашымның айбыны"

"Ана тілім - Алашымның айбыны"

23 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер күні меркесінің ашылу салтанатына орай студенттер арасында "Ана тілім - Алашымның айбыны" деген атпен жыр мүшәйрасы өтті.

Cағат 12.00-де басталып, қызықты думанға және ән-жырға жалғасқан шара 14.00-де марапаттау салтанатымен аяқталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет статусының ерекшелігі де сонда: "Ұлт" деген ұғымның көзге шоқтай, жүрекке ене батуында. Осындай қара шаңырақтың астында тілдің мерейін асқақтатып жыл сайын жалғасып келе жатқан бұл шараның берері мол екені шындық.

Мүшәйра іріктеу және қорытынды кезеңдерден тұрады. Сонымен қатар, сайысқа тек бірінші және екінші курс студенттері ғана қатыстырылды. Байқау ережесіне сай жас ақындар аталған тақырып бойынша өлеңдерін алдын-ала өткізуі керек болатын. Жыр мүшайрасының алғашқы кезеңі қыркүйек айының 20-да өткен болатын. Оған жиырма шақты өлеңдер қабылданып, соның он шақтысы осы сынға шыққан.

Студенттер арасында өткізіліп отырған шараға факультеттің деканы Гүлмира Қазыбек, ф.ғ.д, профессор Бердібай Шалабай, қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі және ф.ғ.д, профессор Бағдан Момынова, тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Меңдігүл Ноғайбаева, биылғы өткен мүшәйраның жеңімпаздары, жас ақындар Манас Қайыртайұлы мен Шерхан Талаптар қазылық етті.  

Қызыл тілдің темірін қызып тұрғанда соққан, өлеңнің сойылын жон арқадан таспадай тілгенше жүрекке шымырлатар жігер берген 1 және 2 курстың жас ақындары ана тілі туралы толғанбай бос жүрмегендігін дәлелдеді.

Мүшайра әсем әнмен, мың бұралған бимен және күмбір-күмбір күймен қызды.


Айтпақшы, мүшайраға қатысқан аға-әпкелеріне қолдау көрсеткен оқушылар да қара шаңырақтан өнер көрсетпей қайтпады.

Солардың бірі "Періште бала тілегі" әнін шырқаған 5 сынып оқушысы Бекхожина Дильнураның өнеріне тәнті болдық. 

Кеш соңында жеңімпаз ақындардың аттары белгілі болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мүшәйраның қорытындысы бойынша, Тұрсынбек Башар "Еңбекқор ақын" атына, Әлімжан Толқынай "Лирик ақын" атына, Алтыбаева Қатира "Тіл жанашыры" атына және Абылайхан Жасан "Отансүйгіш ақын" атына ие болды. Ал үшке бөлінген жүлделі үшінші орын Садық Ақботаға, Арман Биімбетовке және Жутаева Әселге бұйырды. Екіге бөлінген екінші орын Қалекесова Жансая мен Нысанбек Сәуленің еншісінде кетті. Ал бірінші орынға 1 курс студенті Жандарбек Жұмағұлов ие болды. 


Шараның шымылдығын осы мүшәйраның басты ұйымдастырушысы, әрі жетекшісі қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі және ф.ғ.д, профессор Бағдан Момынова жапты. 

Дайындаған және суретке түсірген: Ақерке Әбілхан

1653 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2013, 18:21
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2013, 19:06

Жарайсыңдар!!!!!!!! Қатты қуанып отырмын. Филфакты өлердей сағынғаным ба, барлығын үтір нүктесіне дейін оқып, суретін жақсылап көрдім. Әсіресе 312 сағынып қалыппын.))))))) Жыр мүшайрадан алған жүлденің жүгі басқа марапаттардан ауыр болады жас ақындар! Алдарыңда үлкен жауапкерлік күтіп тұр. Еншеде қарашаңырақта шығармашылықтарыңды жақсылап шыңдай түсіңдер. Нағыз ақын болыңдар! Тағы да Жарайсыңдар!!!!!!!!! Өзім бір мұзбалақ ақындар секілді ақыл айттым-ау ааааааа)))))))

+0
25 қыркүйек 2013, 08:26

иә, мұзбалақ ақын секілді айттыңыз :mrgreen: мен білсем, 312-де сізді, сіздің гитараңызды сағынып үлгерді :)

+0
24 қыркүйек 2013, 22:25

Қара шаңырақ ҚазҰУім, әрбір қазақ баласының құтты мекені ғой!

+0
25 қыркүйек 2013, 10:00

Жастардың жеңісі құтты болсын!

+0
26 қыркүйек 2013, 03:43

Тәуірбектің айтқанын тыңдаңдар.., әндерін әрине))

+0
26 қыркүйек 2013, 03:47

Тәуірбектің айтқанын тыңдаңдар.., әндерін әрине))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев