Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / О, Махаббат, сен деген мәңгі емес пе ең?!

О, Махаббат, сен деген мәңгі емес пе ең?!

О, Махаббат, сен деген мәңгі емес пе ең?!

1  

Архимедке қанша адам тамсанды екен?..

Тетіктерің телегей тұңғиықта.

Бар жұлдызды жиып бір алсам ба екен?

Айды арқалап, қондырып күнді иыққа.

 

Жон арқадан жындарды салсам ба екен?

Түнгі аспанның Құс жолын қамшы қылып.

Мен де еңбектеп баладай қалсам ба екен?

Екі аяқты барады аң шұбырып.

 

Жындылықты өзіме таңсам ба екен?

Бір күш түртіп, мазамды ап, қоймайды іштен.

Шәрбатыңа құмартып қансам ба екен?

Шарабыңа ешқашан, тоймайды ішкен.

 

Мен жырласам Шаһнабад аңсар ма екен?!

Мұңға толы Хафиздың ғазалдарын.

Ақыл-есім Шайыр боп ауысар ма екен?.

Жүрегімнің жарасын жаза алмадым!

 

Енді алаулап, өртеніп, жансам ба екен?

(Балауыз шам секілді-ау, бала мына!..)

Балақтарың, аяулым, шаң-шаң ба екен?!.

Топырақтай тапташы табаныңа.

 

Қайыс, қанша сені азап қарсы алды екен?

О, Махаббат, сен деген мәңгі емес пе ең?!

Қанша «Мәжнүн» саған кеп, «жар» салды екен?!.

Ләйлім менің, «ЛӘӘ» деші, ләм деместен.

 

Біздің, қанша, жүректі зар шалды екен?!

Кетсін бәрі жоғалып таңғы елеспен.

Махаббатты мәңгіге Жар сап өтем!..

Ләйлім менің, «ЛӘӘ» деме, ләм деместен.

2

Ата берсін таңдарың арайланған,

Ләтипаңды лайлама, Ләйлім менің!

Кемшілікке тіпті де балай да алман!

Ажарына өң берген Айдың меңін.

 

Сезімдерім салды көп сергелдеңге,

Қалжыратқан Қайысты «Қайғым» ба едің?!

Сарайыма сән кірер сен келгенде,

Сенсіз өткен күндерім – жәй күндерім!

 

Араладым Асқарлар Шынар бағын,

Мінілмеген, Махаббат, қай мінберің?!

Сен шығарсың – Шайырлық шын арманым,

Сен шығарсың – әкелген Майдың лебін!

 

Сен шығарсың – дұғам да қабыл болған,

Сен шығарсың – расында, қайғым менің!

(Қадірсізін көрсетті-ау, қадірлі Оғлан!).

Мен өзіңді келеді «Ләйлім» дегім!

 

«Ләйлім» дегім келеді, «Ләйлім» дегім!

(Бізді «астамшыл», «ит», «шошқа», «маймыл»... - дегін!)

Мен өзіңе ұсынам  ...САЙ*** гүлдерін!!!

Куә болсын сөзіме Айбынды Елім!

 

...Ләм деместен «ЛӘӘ» деші, ЛӘЙЛІМ МЕНІҢ!

3

Дауылдарға жаздады-ау, Қайың сына!

Тарнадаңа теңселмес төзімді Емен!

Сан сынаққа кезіккен, Шайыр, шыда!

Сақталасың сақтасаң өзіңді егер.

 

Боталаған боздауық бозінген ем,

Жерұйыққа жектің, Сен – Асан шалдай!

Кеш түскенде ұйқыға көз ілген ем,

Сен, ояттың, Күн орнын басар Шамдай!

 

Сезілсе де сұмдықтар сөзімде ерен...

Сені ойласам әспеттер Айды елесің!

«Құбыжықтай» көрінсем көзіңде – Мен!..

Ішке енбесең танылар «Ләйлі» емесің.

 

Көр – кеудемнен қойған жоқ, жәй үн шыға!..

Дауылдарға жаздады-ау, Қайың сына!..

Сан сынаққа кезіккен, Шайыр, шыда!..

Мені мүмкін баларсың «Құбыжыққа»,

...Мені мүмкін баларсың «Қайыршыңа»!!!

4 

Ақиқатты аңыз қып қоя берді ел,

Пайғамбарды пасықтар «пышақтапсың»!

Сұлу Жүсіп көргенде сол әйелдер,

Саусақтарын жіберген ұсақтап шын.

 

Сұлу Жүсіп, зынданға салды-ау сені,

Зобалаңды, зорлықшыл, не бір залым.

Тарқатылмай жүректің қалды-ау шері,

Зылиханың зарындай – менің зарым!

 

Мен – күн көрген «Қайыршы» күшіктей шын,

Мен – Хафизбын тілінен бал таматын.

Сен – басқарған әмірші Жүсіптейсің,

«Сұлулық» пен «Махаббат» Салтанатын.

 

Зылиханың зарына қиған бағын,

Дәруішпін «Дидарлап» дала кезген.

«Сені, жоқ!» - десе, ешқашан иланбадым!

Аңсағаным сен едің бала кезден.

 

Сені көріп ақыл-ес ауысқандай,

Өзімді-өзім ұсақтар «пышақ» тапшы!

Жүсіппенен Әкесі қауышқандай,

Жүрегіңмен Жырымды құшақтатшы!

 

Махаббатқа мауықтым Мысырдағы,

Сырлы сезім кеудемді сазға орады.

Ләйліге арнап Мәжнүннің ұсынбағы:

«.., «Перамида» басыңа «Тәж» болады!».

 

...Көз тимесін көркіңе, көріктім-ау!!!

                                 Тфәй-тфәй!

 

Бауыржан Мырзақұлов

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер автордан

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 16:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.