Робинзон Крузоның ақиқаты

Робинзон Крузоның ақиқаты

Даниель Дефоның атағы жер жарған «Робинзон Крузо» атты романын оқыған болсаңыз, «Робинзон расымен де өмірде болған ба? Болса, оның аралы қайда екен?» деген небір тұңғиық ойларға батқандығыңызға сенімдіміз. Ендеше, шындықты бірге іздейік.

Робинзон – қиялдан туған кейіпкер емес. Даниель Дефоның шығармасы нақты фактілер бойынша жазылған. Кітапта қаһарманның фамилиясы ғана өзгетілген екен. Сонымен қатар, автор аралды Атлант мұхитында орналасқан Кариб теңізінің Ориноко сағасына ауыстырған. Дефо табиғат сұлулығын суреттеу барысында Тринидад және Табаго аралдарының көрінісін пайдаланған көрінеді.

Ал Робинзонның шынайы аралы қайда екен? Картаны жақсы меңгерген болсаңыз, ол аралды табу сізге қиын болмайды. Чили төңірегіндегі  Хуан-Фернандес атты ұсақ аралдар тобын іздеңіз! Таптыңыз ба? Мұндағы Мас-а-Тьерра (испан тілінен аударғанда «жағалауға жақын»), Мас-а-Фуера («жағалаудан алыс») және Санта-Клара аралдары 1563 жылы испандық теңіз саяхатшысының арқасында ашылған болатын.

Сонымен, осы аталған үш аралдың алғашқысы - Робинзонның өмір сүрген құпия мекені болып табылады. Ал оның жанында атақты Александр Селькриктің аралы бар.

Дәл қазір  Мас-а-Тьерраға барып, Робинзондай шытырман оқиғаларды басыңыздан кешкіңіз келіп тұр... Алайда, жүктеріңізді жинамас бұрын ойланыңыз, өйткені, бүгінде аралдың жағдайы мүлде басқаша! Онда ұялы телефон және телеграф байланысы орнатылған. Аралды мекендейтін азды-көпті тұрғындардың үйлерінде радио, теледидар бар. Арал мұндай мүмкіндіктерге ие болғандығымен, әлі күнге дейін оқшау күйінде қалып отыр. Туристердің де Робинзон аяқ басып жүрген мекенге келе беруге жүректері дауалай бермейтін секілді. Келушілер де, кетушілер де тым аз. Қыс айларында аралға тікұшақтар мен кемелер келе алмайды.

Суреттер:vseznaichik.ru,vseznaichik.ru,chilean.ru,taketurne.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева