- Негізгі бет
- Көкжиек
- Өркениеттің мақсаты –...
Өркениеттің мақсаты – адамға ойлануды үйрету
Бір балақай мектептен келе сала ұстазы табыстаған хатты анасына береді. Ол мектепке барғалы небәрі үш-ақ ай өткен еді. Хатты оқып отырғанда анасы ағыл-тегіл жылайды. Сосын баласына хатты дауыстап оқып береді: «Сіздің балаңыз өте дарынды екен. Біздің мектеп ол үшін тым кішкентай. Біздің мұғалімдердің арасында оның дарын-қабілетіне сай келетіндей білім беретін ешкім қалмады. Сіз енді балаңызды өзіңіз оқытыңыз!» деп жазылыпты.
Кейін есейіп, анасы қайтыс болған соң сол бала өз әулетіне тиесілі бар құжатты ақтарып отырып әлгі хатты тауып алады. Ашады да қайта оқып шығады. «Сіздің балаңыздың ақыл-есі кемшін. Біз оны дені сау балалармен қатар оқыта алмаймыз. Сондықтан оны үйден оқытқаныңыз жөн».
Ол баланың аты Томас Эдисон еді. Хатты оқыған кезінде ол ғасырдың атақты ғалымы атанып үлгерген. Эдисон хаттың шын мәтінін оқығанда бірнеше сағат тоқтаусыз жылапты. Сосын өз күнделігіне бүй деп түртіп алыпты: «Томас Алва Эдисон ақыл-есі кем бала болған. Бірақ өзінің қаһарман анасының арқасында өз дәуірінің ең атақты ғұламасы атанды».
Эдисонның қанатты сөздері:
• Эдисон «Алло» сөзін ойлап тапқан адам.
• Ең үлкен қателік тез берілетіндігімізде. Қалағаныңа қол жеткізу үшін тағы бір көруге болады ғой.
• Мүсіншіге мәрмәр қандай керек болса, адам жанына да білім сондай қажет.
• Сенім – ойлай білмейтін адамдарға арналған сылдырмақ.
• Жұмыс жасағансу – жұмысты тындыру емес.
• Көпшілік ойланбау үшін тек еңбектене бергенді таңдайды.
• Мен де сәтсіздік болған емес. Мен тек он мыңнан аса тәсілдің дұрыс еместігіне көз жеткіздім.
• Ғұлама – 1% дарын, 99% маңдай тер.
• Мақсатқа тек қателік жасап, тәжірибе жинау арқылы жетесің.
• Ғұлама болудың құпиясы – жұмыс, бірбеткейлік, сананың саулығы.
• Өркениеттің ең маңызды мақсаты – адамға ойлануды үйрету.
• Электр тоғын шырағданды үйінде тек байлар жағатын күнге жеткенше арзантадамыз.
Аударған: Шынар Әбілдә
Дереккөз: qabylan.kz
Ж. Жұмағұлов