Әуезов айтқан дана ойлар

Әуезов айтқан дана ойлар
Фото: ratel.kz

Бүгін 28 қыркүйек қазақтың үш бірдей талантты жазушысының туған күні. Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын үш жазушының туған күні ешқашан елеусіз қалған емес. Осы орайда біз қазақты әлемге танытқан "Абай жолының" авторы Мұхтар Әуезовтің ғақлия-афоризмдерін назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.

2. Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле. 

3. Еңбек шыққан жерден төзім де шығады. 

4. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.

5. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.  

6. Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

7. Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс. 

8. Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.

9. Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты. 

10. Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза. 

11. Жауға – жалынба, досқа – тарылма. 

Ж. Жұмағұлов