- Негізгі бет
- Көкжиек
- Қытай даналығы не...
Қытай даналығы не дейді?
Қытай – әлемде халық санының көптігімен ерекшеленетін алып әрі ең көне мемлекет. Осынау мемлекетте біреуге дауыс көтеріп сөйлеу (ұрыс кезінде болсын) – мәдениетсіздіктің белгісі. Қытай елінің тұрғындары үшін бұл бетіңнен айрылумен тең екен. Өзіндік бөлек мәдениеті бар қытайлықтардың даналығы не дейді екен?
***
Екі адамның арасында тура он қадам болады. Егер өзіңнің бес қадамынды аттап, сені ешкім күтпесе – артқа қайта бер.
***
Ұялғанда қызаратын адамда қара жүрек болуы мүмкін емес.
***
Сен айттың – мен сендім, сен тағы қайталап айттың – мен күдіктендім.
***
Шешім қабылдап болып ойланғанша, ойланып шешім қабылда.
***
Бастаушыға көмек бергің келе ме – онымен бірге жаса.
Қарияға көмек бергің келе ме – оның орнына жаса.
Ұстаға көмек бергің келе ме – оған кедергі жасама.
Ал кертартпа ақымаққа көмек бергің келсе – өзің ақымақсың.
***
Адамдар: "Тағдыр солай шығар", - деп өзін-өзі жұбатады, шын мәнінде тағдыр деген – адамдардың өмірде өздері жіберіп алған қателіктерінің жиынтығы.
***
Бір істі сеніп тапсырған адамымызды қайта-қайта тексере беруіміз өсімдікті отырғызып қойып, тамыры өсті ме екен деп қайта-қайта жұлып қарай бергенімізбен тең.
***
Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі – тәжірибе жолы, ол – ащы жол, екіншісі – еліктеу жолы, ол – ең жеңіл жол, үшіншісі – ойлау жолы, ең таза жол.
***
Ұстаз есікті ашып береді. Сен өзің шығуың керек.
Ж. Жұмағұлов