Атақты болу – ұят

Атақты болу – ұят
Фото: instagram.com

"Даңқ! Даңқ! Қай жағыңнан келуге болады саған? Алдыңнан келсе – тістейсің, артыңнан келсе – тебесің. Қуғанға – жеткізбейсің, қашқанды – құтқармайсың. Сен деп өліп-өшкеннің жанына жуымайсың. Ал енді атақ-даңқта шаруасы жоқ, жазу үстелінен бас көтермей, ғұмыры үнемі ізденіс үстінде ететін еңбекқор сорлылардың соңынан қалмайсың. Біреулерді адам басы айналар биікке шығарсаң, біреулерді сондай биіктен шыңырау түбіне сүйектей лақтырасың. Қай жағыңнан келуге болады саған?!" деп баяндайды қазақтың классик ақыны Қадыр Мырза Әли өзінің "Жазмыш" атты кітабының "Даңқ" тараушасында. Расында, ақын-жазушы мен даңқтың қатар жүретіні заңдылық. Ол не сор әкеледі, не бақ әкеледі. Сіздің даңқ туралы түсінігіңіз қандай? Бұл турасында ақын-жазушылар не деді? 


***

Шын даңққа лайықты адамдар сол даңқтың болмағанын қалайды

Фернандо Песоа

***

Өлгеннен кейінгі даңқ қана аруақтың жанына жақын... Ал, қазіргі, көзіңнің тірісіндегі даңқ, әсіресе қолдан жасалған даңқтың құны - көк тиын. 

М.В.Гоголь

***

Атақты болу - ұят.

Борис Пастернак

***

Атақты болу – тамаша, салмақты болу – көп артық.

Александр Пушкин

***

Атақ пен титулдар ел алдында ерен еңбек жасағандар үшін ойлап табылған. Бірақ ол қандай ел екені бізге белгісіз.

Бернард Шоу

***

Даңқ түсіңе бір кірсе болды, ол сені ауруға, емі жоқ ауруға айналдыратын дауасыз дерт.

Поль Валери

***

Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен, атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан әлдеқайда адамшылық.

Марк Твен

***

Өлімнен басқаның бәрін өткізуге болады, жақсы атақтан басқаның бәріне шыдауға болады.

Оскар Уайльд

Ж. Жұмағұлов