- Негізгі бет
- Көкжиек
- Мысықтар неге Гогольды...
Мысықтар неге Гогольды оқымайды?
Мысықтар кітапты адамдардан көп оқиды. Бірақ Гогольды емес. Неге?
Николай Васильевич Гоголь. Орыс әдебиетінде Гогольдан асқан жұмбақ жазушы жоқ шығар. Көркем сөз шебері артынан ондаған ұлы туындымен қоса, шексіз шешімсіз құпия да қалдырды.
Тіпті, өзінің көзі тірісінде оны монах, мистик деп атайтын. Ал шығармаларында шындық пен фантастика, сұлулық пен сұрықсыздық, трагедия мен комедия үйлесімді өріліп жататын.
Гоголь “Орыс поэзиясының күні” – Пушкинмен танысқаннан кейін, өзінің ең үздік туындыларының бірі "Вечера на хуторе близ Диканьки" әңгімелер жинағын жазуға шалқар шабыт алады. Аталған шығарманың екі бөлімінде де автор Рудый Панько деп көрсетіледі.
Шын өмір мен қиял ұштасып жатқан туындыда Гогольдың бала кездегі көрген-білгенінің елесі жиі ұшырасады. Мысалы, "Майская ночь, или Утопленница" эпизодында қыздың өгей шешесі қара мысық кейпіне еніп оны тұншықтырып өлтірмек болатын сәті бар. Бұл бала Гогольдың есінде қалған оқиғаның өзіндік интерпретациясы еді.
Бір күні болашақ жазушының ата-анасы балаларды жалғыз қалдырып кетеді. Басқа бауырлары ұйқыға кеткенде Никоша (Гогольды бала кезінде осылай атайтын) мысықтың мияулаған дыбысын естиді, кейін өзіне қарай төніп келе жатқан жануар сұлбасын көреді. Баланың қорыққаны сонша, ол не істеуге білмей, мысықты ұстап алып, арыққа лақтырып жібереді. Кейін естеліктерінің бірінде жазушы осы оқиға туралы: "Мен адамды арыққа батырып өлтіргендей күй кештім", - деп жазады.
Осындай қатігездіктен кейін мысықтар Гогольды оқуын қойыпты.
А. Оралқызы