- Негізгі бет
- Көкжиек
- Гоголь туралы қызықты...
Гоголь туралы қызықты деректер мен анекдоттар
1809 жылы 1 сәуір күні прозаик, драматург, ақын, сыншы, публицист, орыс әдебиетінің классиктерінің бірі Николай Васильевич Гоголь дүниеге келді.
Өзінің бойына біткен дарыны туралы Гоголь: «Менің шын өмірден және өзіме мәлім дүниелерден ғана алған туындыларым жақсы жазылған» - дейтін. Осылай бола тұра, ол бейнелеген кейіпкерлер шын өмірде жолығатындарға мүлдем ұқсамайтын. Олар адамзат табиғатын аша түсетін тұтас әдеби типаждар еді.
Орыстың өзге жазушыларына қарағанда, Гоголь кейіпкерлерінің есімдері тез қолданысқа еніп, жалпы есімге жиі айналатын. Гоголь туындыларын бірнеше мәрте экранизацияланды. Жазушы шығармашылығы бойынша композиторлар опера мен балет қойды.
Оның үстіне, Гогольдің өзі де көптеген туындылар мен көркемфильмдердің кейіпкеріне айналды. Солардың қатарында, көптеген әдеби анекдоттар да бар.
Гоголь туралы әдеби анекдоттар ішінде Даниил Хармстың миниатюралары үлкен танымалдыққа ие.
Хармс өзінің "Міне, менің сүйікті жазушыларым" (1937) атты жазбасында әзіл-шыны аралас Гогольді бірінші орынға қояды:
"Пушкин туралы ештеңе білмейтін адамға ол туралы бірдеңе айту қиын. Пушкин – ұлы ақын. Тіпті, Наполеон дәл Пушкиндей ұлы емес. Бисмарк та Пушкинмен салыстырғанда ешкім емес. Александр I де, II де, III те Пушкинмен салыстырғанда түк емес. Жалпы, барлық адамдар Пушкиннің қасында түк емес те, тек Гогольмен салыстырғанда ғана Пушкиннің өзі ешкім емес болып қалады.
Осы себепті, мен Пушкин туралы жазғанның орнына Гоголь туралы жазамын.
Бірақ, Гогольдің ұлылығы сонша, тіпті, ол туралы ештеңе жаза алмайсың, сондықтан, Пушкин туралы жазған дұрыс болады.
Бірақ, Пушкин туралы Гогольден кейін жазу да обал. Ал, Гоголь туралы жаза алмайсың. Одан да мен ешкім туралы жазбай-ақ қояйын".
***
Бір күні Гоголь Пушкин болып киініп алады да, оның үйіне келіп есік қағады.
Пушкин өзі есікті ашып: "Қараңыз, Арина Родионовна, мен келдім!"- депті.
***
Бір күні Пушкин мен Гоголь дуэльге шығады. Содан, Пушкин:
- Сен бірінші болып ат.
- Қалайша мен? Жоқ, одан да сен ат.
- Ах, мен! Жоқ, сен!
Сөйтіп, екеуі атыспай қойыпты.
***
Бір күні Пушкин Тургеневті қорқытайын деп Тверь гүлзерындағы орындықтың артына тығылып қалады. Бір қызығы,Гоголь де сол күні Тургеневті қорқытпақ ниетпен, әдетінше Пушкин болып киініп алады да басқа орындықтың артына тығылып қалады. Тургенев өтіп бара жатқанда, екеуі бірдей шыға келіпті!..
***
Гоголь жан туралы тек өмірінің соңында ғана ойланған, ал, жас кезінде ұяттан жұрдай болған. Бір күні қалыңдығын картаға салады. Бірақ, ұтылып қалса да, бермей қойыпты.
***
Бір күні Гоголь Пушкин болып киініп алады да, Майковтың үйіне қонаққа барады. Ол болса қонақты отырғызады да, құр шәй береді. Сосын, "Сенесіз бе, - дейді үй иесі, - Александр Сергеевич, үйде бір түйір де қант жоқ. Кеше Гоголь келіп, бәрін жеп кеткен". Гоголь жауап қатпапты.
- - Тәтті демекші, Николай Васильевич Гоголь өте тәттіқұмар болған.
- - Гоголь қолөнерге қызығушылық танытқан. Ол шарф тоқитын, әпке-сіңлілеріне көйлек тігетін, белбеу жасайтын, және өзіне жаз айларында тағатын мойын ораламалдар да тіккен.
- - Гоголь славян халықтарының сүйікті тағамдары саналатын варениктер мен галушка (украин халқының шикі қамырды сүтке я суға үзіп салып пісіретін тамағы) дайындағанды және достарын қонаққа шақырып, дәм татқызғанды ұнататын. Өзінің сүйікті сусыны болған ешкі сүтін ерекше рецепт бойынша қайнататын. Ром қосылған ешкі сүтінен жасалған быламықты жазушы Гоголь-моголь деп ат қойып алған. Бұл туралы прозаик күліп: «Гоголь гоголь-могольді жақсы көреді!» - дейтін.
- - Жазушы көшенің сол жағымен жүргенді ұнатқан. Сол себепті, жолдағы адамдармен соқтығысып қалатын.
- - Гоголь найзағайдан қатты қорыққан. Замандастарының айтуынша, найзағай Гогольдің онсыз да әлсіз психикасына кері әсер ететін.
- - Ол тым ұялшақ болған. Өзі отырған ортада бейтаныс адам пайда болса, қасындағылар Гогольді бөлмеден таппай қалатын.