- Негізгі бет
- Көкжиек
- Кітап оқуға уақыт...
Кітап оқуға уақыт таппай жүретіндерге арналған кітаптар
Өкінішке орай қазіргі таңда бізге кітап оқуға уақыт жетпейді. Немесе, бір үлкен көлемді кітап оқыған соң, тағы бір басқа әлемге батып кету үшін бізге қысқа кітаптардың да тиер көмегі бар екенін білеміз. Сондықтан осындай жағдайларға байланысты назарларыңызға жұмысбасты адамдар оқуға арналған кітаптардың тізімін ұсынамыз.
Стивен Кинг. Рита Хейуорт немесе Шоушенктен қашу
Шоушенк – жәй ғана қамау емес, ол күнкөріс мектебі. Басты кейіпкерге әйелімен оның көңілдесін өлтірді деген жалған айыптау тағып, оны өмір бойы абақтыға жабады. Камераластарының, басшылықтың алдында үлкен сый-сияпат жинап қоймай, ол өмір мектебін үлкен абыроймен бітіріп, артынша араға 20 жыл салып бұл "тозақтан" қашып кетті.
Көлемі: 192 бет
Александр Барикко. 1900-ші. Пианиношы жайында аңыз
Новеченто – 1900-ші – бұл жылды білдіретін жай ғана сан емес. Осылай мұхит лайнерінің бортында туған, пианинода ойнауды өздігінен үйренген кемеңгер пианиношының аты аталады. Оның я құжаты, я азаматтығы, я туысқандары жоқ, тек сәбиді тауып алған от жағушының қойған есімі ғана бар. 1900-ші ешқашан қатты жерге аяғы тимей, кемеден шығып көрмеген. Дауыл мен тымықта клавиштерден бас көтермеді.
Көлемі: 128 бет
Джон Стейнбек. Тышқандар мен адамдар жайында
Ленни мен Джордж Ұлы тоқырау жылдарында өздерінің жеке меншік фермаларын ашуды армандайды. Осы мақсаттарымен олар Американың жартысын аралап шығады. Олар жақсы ферма тапқандай болады, алайда ол жақта көп кешікпей қауіпті қылмыстар бола бастайды.
Көлемі:256 бет
Герман Гессе. Сидхартха
Бұл өзіңе, яғни жеке «менге» жол іздеу жайындағы терең философиялық кітап. Егер нәпсіңді тиып, жеңе алмасаң, жарықтауға жете алмайсың; ұшарда құламасаң; егер ешқашан өмірде көңілің қалмаса; егер тек ағыспен жүзген болсаң. Авторға осындай еңбекті жазуға шығыс руханияты мен үнді философиясына деген махаббаты мен шынайы құрметі түрткі болды. Сондай-ақ шығыс ойшылдары Еуропаның бір де бір жазушысы Гессе сияқты олардың философиясын жаза алмағандығын айтқан.
Көлемі: 224 бет
Владимир Набоков. Машенька
Бұл шығарма, басты кейіпкері Машеньканың тек естеліктерде ғана барымен қызықты. Екі эмигрант Берлиндегі орыстарға арналған пансионда өмір сүреді. Екеуінің біреуіне Ресейден әйелі келгелі жатады. Ал қасындағысы, әйелінің портретін көріп, Машенькадан өміріндегі өзінің бар махаббатын таниды. Енді ол арамдыққа барып, өткенді қайтарғысы келеді. Алайда бұл мүмкін бе?
Көлемі: 192 бет
Франсуа Саган. Un certain sourire (Смутная улыбка)
Табыскер, бірақ іші пысып жүрген адвокат артынша өзіне ғашық қылған бір жас студент қызбен танысып, сөйлесіп жүреді. Кітапта ең терең ішкі сезімдері айтылады: күйзелістен түңілуге дейін.
Көлемі: 160 бет
Ж. Жұмағұлов