Бір үйдегі екі жазушы мен бір үйдегі екі ақын кім? (Жауабы)

Бір үйдегі екі жазушы мен бір үйдегі екі ақын кім?  (Жауабы)
Фото: коллаж Massaget.kz

Зерделі оқырмандарға арнап Massaget.kz порталы әдеби жұмбақ жасырған еді. Бұл жұмбақта екі жазушы мен екі ақынның аты-жөні жасырылды. Бір үйдегі екі ақын бір үйдегі екі жазушыға өз кітаптарын сыйлап, кітапқа мынадай қолтаңба қалдырады:

Жұмбақ: Бір үйдегі екі жазушы мен бір үйдегі екі ақын, олар кімдер?  Яғни кітап пен қолтаңба авторлары болып табылатын екі ақынды және кітап сыйланған екі жазушыны тауып көріңіз. 

Осы жұмбақтың шешімін табуға атсалысқан барлық зерек оқырманға мың алғыс айта отырып, біз бүгін жұмбақтың дұрыс жауабын жариялап отырмыз. 

Жұмбақтың жауабы: Бір үйден шыққан екі ақын: Күләш Ахметова мен Қайырбек Асанов, бір үйден шыққан екі жазушы: Зейнеп Ахметова мен Бақытжан Момышұлы. 

Қолтаңба

Кітап мұқабасы

Кей оқырман бір үйден шыққан екі ақынды дөп тапса, екі жазушы жайында мүлт кетіп жатты, ал басқа оқырман, керісінше, екі жазушыны дәл шешкенімен, екі ақын туралы шатасты. Массагет.кз сайтының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жұмбақтың жауабын дұрыс тапқан оқырмандарымыз да болды, бірақ біз тек сайтымызға кіріп пікір қалдырған оқырманның жауабын есепке алуды ұйғардық. Алда да осы тектес қызықты әдеби жұмбақтар күтіңіздер! 

М. Оңғарова