Дулат Исабеков оқуға ұсынған 10 кітап

Дулат Исабеков оқуға ұсынған 10 кітап
Фото: Qazaquni.kz

Ақылды адам әрдайым тізім жасап жүреді. Көретін фильмдер тізімі, креативті идеялар тізімі, атқаратын істер тізімі, жақсы сайттат тізімі деген қатарға оқитын кітаптар тізімі де кіретінін жазған едік. Бұл тізімді жазуды бастап кеткен болсаңыз, алғашқы ондыққа дарынды жазушы Дулат Исабеков ұсынған мына он кітапты қосып қойсаңыз болады.

Әбіш Кекілбайұлы "Үркер"
Қазақ әдебиетіне тарихи-көркем шығарма жазудың жаңа үлгісін әкелген роман. Әсіресе, билік психологиясы, философиясы, ойлау әрекетіндегі ерекшеліктер сенімді көрсетіледі. Бұл сипаттар Әбілқайырдың түрлі мақсат көздеген сұлтандармен, көпшілікпен, Тевкелевпен қарым-қатынастарынан, оңашадағы ойларынан анық танылады. Хан-сұлтандарды, би-шешендер мен батырларды бейнелеуге ниеттенген қаламгерлер әлсін-әлсін оралып тұрса, артық болмайды.

Ғабит Мүсірепов. Таңдамалы шығармалары
Ғабит Мүсірепов жай жазушы емес, үлкен суреткер. Ал суреткер дегенің өзін жазушы санайтындарының барлығының маңдайына бұйыра бермейтін ерекше бақыт. Ол жаратқанның, тәңірінің берген ұлы сыйы, ерекше қасиеті. Ғабит Мүсірепов – қазақ сөз өнерінің майталман шебері, сөзден маржан түзген, қазақ сөзін қақпақылдап ойнатқан, бір сөз екінші сөзіне жарық түсірген сирек талант иесі, қаламынан өнері төгілген сөз зергері. Өзіне де, сөзіне де аса талғампаз, кірпияз, дегдар, текті қалам иесі.

Төлен Әбдікұлы "Парасат майданы"
Төлен Әбдікұлы "Парасат майданы" – жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Төлен Әбдікұлың аталған философиялық шығармасында қоғамның болашағы үшін қам жегенін, оған жаны ашып, жол сілтемек болғанын байқаймыз. Жақсылық пен жамандықты, жауыздық пен мейрімділікті қатар қойып, кімнің жеңіске жететінін баяндайды.

Тахауи Ахтанов "Қаһарлы күндер"
Тахауи Ахтановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған көлемді көркем шығармаларының бірі – “Қаһарлы күндер” романы. Ол қазақ прозасындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған алғашқы романдардың бірі. Романда Мәскеу түбінде болған шайқас, сол үлкен ұрыс кезіндегі генерал Панферов басқарған дивизияның Отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі реалистікпен баяндалған.

Абэ Кобо "Құм құрсауындағы әйел"
Бұл адамның ойына келмейтін сюжеттермен өріледі. Ники Дзюмпэй атты 31 жастағы мұғалім, этномолог, бір жұмбақ жәндікті іздеп жүріп, теңіз жағалауындағы құм ішінде орналасқан ауылға кез болады. Түнеп шығуға үй сұраған соң, бір шал оны үлкен шұңқыр түбіндегі үйге арқан саты арқылы түсіреді. Жалғыз үйдің тұрғыны күйеуі мен қызы құм көшкінінен қайтыс болған жалғызбасты әйел екен. Құм жөніндегі «әйелдің сауатсыздығына қорланған» Ники оған, оның тұрмысына жоғарыдан қарап, менсініңкіремей отырады.Күнде үнсіз, көнгіш әйелді құм ішіндегі өмірін тастауға үгіттеуші еді. Бірақ ол әйел басқа өмірге ұмтылмайтын да… Сөйткен әйелдің жанында қалды… Роман соңын жазушы тамаша аяқтаған.

Ремарк Эрих Мария "Батыс майданда өзгеріс жоқ"
"Батыс майданда өзгеріс жоқ" (нем. Im Westen nichts Neues — «На Западном фронте без перемен») — Эрих Мария Ремарктің 1929 жылы жарық көрген атақты романы. Алғы сөзінде автор: «Бұл кітап айыптау да, ағынан жарылу да емес. Бұл соғыс жалмаған ұрпақ жайлы, оқтан құтылса да құрбан болғандар жайлы айтуға талпыныс». Антиәскери романда жас сарбаз Пауль Боймер мен оның майдандас жолдастарының Бірінші Дүниежүзілік соғыста көрген, бастан кешкен жайттары баяндалады. Ремарк жастардың соғыстан алған рухани жараларын суреттеу үшін «жоғалған ұрпақ» түсінігін пайдаланғандықтан Германиядағы соғыс пен оның сарбаздарын ақтауға тырысқан әскери әдебиетке толығымен қарсы керітартпа шығармаға айналды.

Абэ Кобо "Бөтеннің түрі" романында бас кейіпкердің басынан кешкен қиындықтары, бет әлпетін күйдіріп алғаннан кейінгі азабы бейнеленеді.

Франц Кафка "Қамал"
Франц Кафка — абсурдтық қаламгер. «Қамал» шығармасы тоталитарлық империяны болжау "Қамал" романы қаламгердің теологиялық білігінен хабар бере отырып, әлемнің ең үлкен құпиясына құмар адамның тірі қалу жолын баяндайды.

Томас Манн "Будденброктар"
"Бір oтбасының күйрeу тарихы" рoманы Тoмас Манның алғашқы шығармасы eмeс. Oның алдында қаламгeр тамаша нoвeллалар жазған. Жазушының шығармашылық қызмeтінің басталуы XIX ғасырдың сoңғы бeсжылдығына сәйкeс кeлді. Бұл капитализмнің импeриалистік кeзeңгe өтіп, барша қoғамдық қайшылықтардың өткірлeніп, буржуазиялық мәдeниeттің тeрeң дағдарысқа түскeн кeзі eді. Өзінің шығармашылық жoлында Томас Манн айналасының әлeумeттік-қoғамдық тірлігін жіті қадағалап, буржуазиялық өмірдің шындығын бақылайды. Oсы eрeкшeлік автoрдың алғашқы “Буддeнбрoктар” рoманында көрініс бeрeді.

Бёлль Генрих "Сайқымазақ көзімен"
"Сайқымазақ көзімен" романы – әйгілі неміс жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Генрих Белльдің шығармасы. Жазушы бұл романды 1972 жылы жазған. Романның басты кейіпкері – 27 жасар ауқатты отбасынан шаққан Ганс Шнир атты сайқымазақ. Романның желісі Ганстың басынан кешкен қызықтары мен қиындықтарына толы.

adebiportal.kz

@. @assel_assanova