Кітап дерті...

Кітап дерті...
Фото: vk.com

Кітапқұмарларға тек кітап беріңіз. Олардың дерті де, сол дертінің емі де – кітап деген жұмбақ әлем. Жалпы алғанда кітап көп. Оның барлығын тауысуға ғұмырыңыз жетпейді. Бәрін оқу да қажет емес екенін жақсы білеміз. Тіпті, кейбір кітаптар сізге кері әсерін тигізіп, зиян тигізуі мүмкін. Осы ретте, біз сіздерге кітап дерті бар екені жөнінде айтпақпыз.

Қызылша: қайбір кездері оқыған, қайтіп қолға алмайтын кітабыңыз.

Тұмау: вирус арқылы тарайтын жұқпалы кітап.

Цикл: айына, жылына бір рет оқып тұратын кітап.

Ұйқысыздық: оқу үшін түні бойы ұйқы көрмеген кітабыңыз.

Амнезия: мазмұны ұмытылып қалған немесе сізді мүлде қызықтырмаған кітап.

Астма: бір деммен оқып шығатын (себебі, дем жетпейді) кітап.

Дұрыс тамақтанбау: берері аз, мәнсіз кітап.

Теңіз ауруы: саяхат үшін сатып алынған немесе қандай да бір аймақтың қасиетін алға тартатын кітап.

Ж. Жұмағұлов