Габриэль Маркесті риза еткен кезбе кітапханашы

Габриэль Маркесті риза еткен кезбе кітапханашы
Фото: www.telesurtv.net

Әлемде талай қызық бар. Небір қиялшыл, арманы биік, талғамы жоғары жандарды көргенде я атын естігенде еріксіз таңғаласыз. Мұндай жандардың ісіне кім болса да сүйсінбей қоймайды. Жасағаны жәрдем болған адамның арқалағаны қашанда алғыс. Олар өз ісінен ләззат алады, сүйеді һәм сенеді. Жақсылыққа жаны құмарларға ешқандай кедергі тосқауыл бола алмақ емес. Дәл сондай жанның бірі – Мартин Мурильо Гомес. Кітапқа ғашық адамның қандай қадамға барғанын білесіз бе?!

Колумбиялық Мартин Мурильо Гомес шағын мобильді кітапхана жасап шығарды. Енді ол онымен Латын Америкасының әр бұрышына саяхат жасайды. Ол кітап салынған арбашамен өзінің туған қаласының көшелерін торуылдап, ондағы жағажайды, бірнеше әскери ошақтар мен зәулім қонақүйлерді аралап, автобус аялдамаларына, кейде мектептерге тоқтайды.

Мартин кітап сатпайды, керісінше, оны оқуға немесе букроссинг жасауға береді. Кітап сату оған жат. Оқуға құмартқан кез келген жанды кітапсыз қалдырмайды. Колумбиялық кезбе өз елінде өте танымал. Балалар оны кезбе кітапханашы емес, Санта-Клаус сияқты сондай сабырсыздықпен, тағатсыздана күтеді.

Оның бұл жобасы өзінің қолтаңбасы бар бірнеше кітаптар салынған жабық күйме жүргізген әйгілі жазушы Габриель Гарсиа Маркесті де риза қылған екен.

Ж. Жұмағұлов