Ілияс Жансүгіровтің қанатты сөздері

Ілияс Жансүгіровтің қанатты сөздері
Фото: Nakonu.com

Ілияс Жансүгіров – ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, үш бәйтеректің бірі. Атақты «Күй», «Күйші», «Құлагер» секілді классикалық поэмалардың авторы. Көпшілік оқырман оның аталы сөздерін, афоризмдерін біле бермейді. Біз сіздерге ақынның қанатты сөздерін ұсынамыз. 

Сыр түйіні – ақиқат, 
Ақиқат шындық көпке ортақ. 

Жас мұраты – білім, тәлім талабы...
Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы. 

Егер ең ұлы ашылулар болмаса да — бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса — ол тез арада құрып бітер еді.

Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты. 

Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың. 

Қызғаншақтық — кең дүниені тар ететін кесел. Өз мінезінен өзі құса болған қайғыдан жаман қайғы жоқ. Ол адамды іштен жегідей жейді. Бір кездегі денелі салмақты жас жігіт, енді күжірейген, қас-қабағы түнерген, ашулы кісіге айналады. 

Ж. Жұмағұлов