- Негізгі бет
- Көкжиек
- Чехов шығармаларымен күзгі...
Чехов шығармаларымен күзгі күйзелістен құтылу
Орыс поэзиясының жарық күні Пушкин «Мен әр күз сайын қайта гүлдеймін» десе де, көптеген адамдар үшін бұл шақ — эмоционалдық құлдырау уақыты. Әр адам үшін күздік күйзелістен шығудың өзіндік амал-тәсілі бар. Сенімді әдісіңіз көмектеспеген жағдайда белгілі жазушы Антон Павлович Чеховтың кеңестерін ескере жүріңіз. Астарында мысқыл жатқан кеңестер көңіліңізді лезде көтереріне сенімдіміз.
1. Мысықтармен сөйлесіңіз.
«Біреуге өзгенің жаны – қараңғы түнек, ал, мысықтардың жаны тіптен...»
2. Дұрыс таңдау жасай біліңіз.
«Бүгінгі күн — тамаша. Шай ішсем бе екен әлде дарға асылсам ба екен?»
3. Қажетсіз нәрсе сатып алыңыз.
«Тек қажет емес нәрсе ғана рахат сыйлайды».
4. Жылы елдерге ұшып кетіңіз.
«Күздің иісі шығып тұр. Ал мен Ресейдегі күзді жақсы көремін. Бұл бір ерекше мұңды, ақжарқын және әдемі нәрсе. Шіркін, тырналармен бірге басқа жаққа ұшып кетер ме едім?»
5. Өзіңізге одақтастар табыңыз. Бір нәрсені топпен жек көруден асқан керемет нәрсе жоқ.
«Махаббат, достық, сыйластық – осы ұғымдар кейде бір нәрсеге деген ортақ жеккөрініштен туындайды».
6. Өз психикалық жай-күйіңізді ой елегінен өткізіңіз.
«Мен психологиялық тұрғыдан алғанда сау секілдімін. Алайда, өмір сүруге деген ешқандай құлшынысым жоқ, бірақ ол әзірге нағыз ауру емес, бәлкім, жай ғана дүниелік өтпелі және табиғи нәрсе шығар».
7. Өз үміттеріңіздің деңгейін төмендетіңіз.
«Сіздің керемет бақытты болғыңыз келсе де, өмір сізге бақыттан мас болуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар әрбір мезетте соққысын аямай, төпелеп отырады».
8. Диетаға отырыңыз.
«Егер өзіңізді үстел басында әлі де аш сезінсеңіз – демек сіздің тойғаныңыз; Егер сіз тойып тұрсаңыз – яғни, шамадан тыс ас ішкенсіз, ал, егер үстел басынан тым көп тамақ жеп қойғандай сезіммен тұрсаңыз – демек сіз уланғансыз».
9. Жалпы салауатты өмір салтын сақтауға тырысыңыз.
«Адам шылым шекпейтін, ішімдік ішпейтін болса, амал жоқ, бұл нақұрыс емес пе екен деген ой туындайды».
10. Егер ештеңе көмектеспесе – жазушылықты қолға алыңыз.
«Өз теңін таппайтын оңбаған жоқ, сол сияқты өз оқырманын таппайтын далбаса жоқ».