- Негізгі бет
- Көкжиек
- Мағжан қандай ақын?...
Мағжан қандай ақын?
Бүгін Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Атаулы күнге орай ақын туралы айтылған ой-пікірлерді топтастыруды жөн көрдік.
Мұхтар Әуезов, жазушы:
"Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайда... Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін".
Сәбит Мұқанов, жазушы:
"Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны. Мағжан ақын ретінде Абайдан күштірек, Біз Мағжаннан үйренуіміз керек".
Жүсіпбек Аймауытов, жазушы:
"Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті".
Зейнолла Қабдолов, академик-жазушы:
"Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев".
Әлкей Марғұлан, ғалым:
"Ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің ролі қандай болса, қазақ халқы үшін Мағжанның ролі сондай".
Ілияс Омаров, мемлекет және қоғам қайраткері:
"Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір «әдебиеттің жұлдызы боламыз» деп жүргендер сөніп қалады".
Әлихан Бөкейханов, Алаш қозғалысының көсемі:
"Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады?!"