Жазушы Антон Чехов туралы бірнеше дерек

Жазушы Антон Чехов туралы бірнеше дерек

"Әлемнің ең ұлы жазушыларының бірі" деп танылған орыстың әйгілі жазушысы Антон Чехов туралы не білесіздер? Бүгін біз сіздерге жазушының өміріндегі елеулі оқиғалар туралы сөз қозғаймыз.    

1. Чеховтың балалық шағы өзгеше өткен. Басқа балалардай көшеде ойын қуып, қыдырудың орнына ол таңғы бестен түнгі он бірге дейін бауырларымен бірге әкесінің дүңгіршегінде жұмыс істеген. Жұмыс істеп жүріп, гимназияда білім алып және цирк хорында ән салып та үлгерген. Әкесі отбасы мүшелеріне қатал болғандықтан, Чеховқа тігіншілік өнерін меңгеруге тура келеді. Осылайша жазушының балалық шағы да, жастық шағы да өте ауыр өтеді.

2. Антон Чеховтың атасы қарапайым крепостық жұмысшы болады. Алайда асқан даналығымен өзінің жанұясын зорлап, күштеп ұстағандардан азат етіп алады.

3. Кейбір деректерде Чеховтың бойы кішкентай болған деп қате айтылған. Шын мәнінде оның бойы демалыс билетінде 180 см деп көрсетілген.

4. 1890 жылы жазушы Оңтүстік Сахалин аралдарында болып, барлық ауылдарды аралайды. Ал сол жылдары аралда жаңа қоныс аударушылар мен қылмыскерлер көп болатын. Сондай ауылдардың бірінде ол Сонька деген лақап атпен жақсы таныс әйгілі ұрлықшы Софья Блюфштейнді кездестіреді. Ол зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін Сахалин аралдарында қылмыстық жазасын өтеген.

5. Сахалин аралдарынан кейін ол Батыс Еуропаға саяхаттаған.

6. Антон Чеховтың әулеті өздерінің тектерін ата-бабалары чехтердің арқасында алып жүрміз деп есептеген.

7. Чехов өзінің шығармаларын бүркеншек ат арқылы жариялағанды жақсы көрген. Оның 50-ге жуық бүркеншек аты болған. Соның ішінде ең танымалы Антоше Чехонте болған.

8. Жазушы Тагонрог қаласында дүниеге келген. Бірде Чехов Парижде жүріп, Антокольскийдің мүсіндерін көреді. Кейінірек жазушы одан туған қаласына I Петрдің ескерткішін салып беруді өтінеді. Сөйтіп 1893 жылы Тагонрогта ескерткіш салынады.

9. Ол пошта маркаларынан коллекция жинауды ұнатқан.

10. Чеховтың өміріндегі қызықты оқиғалар иттермен байланысты. Ол өзінің иттерімен сырлас, мұңдас, жолдас болған. Қайда барса да қасынан тастамай алып жүрген.

Ж. Исакаев