- Негізгі бет
- Көкжиек
- «Кішкентай ханзаданың» өмірлік...
«Кішкентай ханзаданың» өмірлік ұстанымдары
1. Адамдарда мынандай берік ереже бар: таңертеңмен тұрдың, жуындың, өзіңді жөнге келтірдің, сөйтіп бірден ғаламды ретке келтіре бастайсың.
2. Міне, менің өте қарапайым құпиям: ол –жүректе. Себебі ең маңыздысын көзбен көре алмайсың.
3. Егер тек тіке жүре берсең, онда алысқа бармайсың.
4. Гүлдің не айтып тұрғанын тыңдамау керек. Оны тек иіскеу қажет.
5. Мен тек цифрді ғана қызық деп санайтын ересек адамдар сияқты болудан қатты қорқамын.
6. Балалар үлкенге мейірбан болу қажет.
7. Егер көбелекпен танысқың келсе, онда жұлдызқұртты екі-үш мәрте күтуіңе тура келеді.
8. Көңіл-күй түскен кезде күннің батып бара жатқанын бақылаған қандай жақсы.
9. Әр адамның өзінің жұлдызы бар.
10. Шөл даланың таңғажайыбы неде екенін білесің бе? Онда бұлақтың суы жасырынып жатыр.
11. Әр адамнан бере алатын нәрсесін сұрау керек. Билік ең бірінші ақылмен жұмыс істеуді талап етеді.
12. Мүмкін жұлдыз адам әдейі, өз жұлдызын ерте ме, кеш пе тауып алу үшін жылтылдайтын шығар.
13. Өз-өзіңді міне. Бұл ең қиыны. Өзіңді мінеу біреуді сынағаннан әлдеқайда ауыр. Егер сен өзіңді дұрыс міней білсең, онда сен шын мәнінде өте батыл болғаның.
14. Егер миллионда бір кездеспейтін жалғыз гүлді сүйетін болсаң, аспанға қарап, бақытты боласың.
15. Адам достарын ұмытып кетсе, өте мұңды болады. Өйткені адамдардың барлығының бірдей достары болмайды.
16. Бір сұрақ қойдың ба? Онда оның жауабын алғанша ешқашан тайынба.
17. Барлық жол адамға апарады.
18. Сөз адамның бір-бірін түсінуіне тек кедергі келтіреді.
19. Сен өзіңнің денеңмен емес, ісіңмен өмір сүресің. Сен және сенің істерің. Одан басқа ештеңе жоқ.
20. Сен өзің үйреткеннің барлығына жауаптысың.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Рысқұлбековтың "Ақтық сөзі"
Чили ақыны Пабло Неруда өлеңдері
Махаббат кегі немесе Бегім Ана туралы аңыз бен ақиқат
Әдебиет және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялардың иегерлері анықталды
Сурет: www.fullhdoboi
Н. Нұрмаханұлы