Габриэль Гарсиа Маркестің өмірінен 9 дерек

Габриэль Гарсиа Маркестің өмірінен 9 дерек

Жазушы Габриэль Гарсиа Маркес кеше дүние салды. Қаламгердің қазасына орай Колумбияда үш күн қаралы күн деп жарияланды. Ел президенті Хуан Мануэль Сантос өзінің Twitter-дегі парақшасына Габриэль Гарсиа Маркестің қазасы елге "жүз жылдық жалғыздық пен қайғы" әкелгенін жазып қалдырған екен. 

Жазушы, журналист, баспашы әрі қоғам қайраткері Маркес әдебиеттегі "магиялық реализмнің" жарқын өкілі саналатын. Бүкіл әлем оны "Жүз жылдық жалғыздықтың" авторы ретінде таниды. 

* * *

Габриэль қарапайым телеграфшы Элиху Гарсианың отбасындағы он алты баланың үлкені болған. 

* * *

Осы күні Маркестің балаларға арнап ертегі жазғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бұл іске жазушының балалары қайта оралмауын сұраған. Бір ертегісін оқып болып, олар былай деген екен: "Әке, сен балаларды шынымен де соншалықты ақымақ деп ойлайсың ба?".

* * *

Жазушы бір сөзінде өзінің әдебиетші болмағанда, барларда музыкантшы боларын айтады. Мұның себебін ол "ғашықтардың бір-бірін қаттырақ сүюіне жол ашар едім" деп түсіндірген. 

* * *

Маркес әдебиеттегі жаңа ағымның өкілі саналған. 

* * *

"Жүз жылдық жалғыздықтың" жазбасын жөнелту үшін, Маркеске 80 песо жетпей тұрыпты. Болмаған соң, ақыры ол өз әйелінің миксері мен фенін қарызға қойған. Мұны әйелі естігенде: "Ендігі жетпей тұрғаны, романның нашар шығуы" депті. 

* * *

Мексика өкіметі Маркесті 1965 пен 1985 жылдары бақылауға алып, оның коммунистік режим мен соның өкілдерімен арада байланысы жоқтығын тексерген. 

* * *

Маркес таңертең жалғыз тамақтанбау үшін, Мерседеске (әйелі) үйленген. 

* * *

Әлеуметтік желілердегі "Гарсиа Маркестің адамзатпен қоштасу" хаты өзінікі емес екенін айтып, хатты өз атынан әлдекімдердің жазғанын сөз қылған.

* * *

Жазушының өзінің "Жүз жылдық жалғыздығын" өртегісі келген сәттер болыпты. Немесе басынан бастап қайта жазып шыққысы келген екен. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: snob.ru

Л. Лига