Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Әлихан Бөкейханов: "Жұрт қызметін таза атқар"

Әлихан Бөкейханов: "Жұрт қызметін таза атқар"

Әлихан Бөкейханов:

Бүгін –  XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туған күні. Осы орайда төменде тұлғаның қанатты сөздері ұсынылады:

Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді.

 

Ақылға саңыраулық та – айып.

 

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

 

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

 

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

 

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

 

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

 

Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман.

 

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

 

Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. 

Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

 

Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

 

Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!

 

Би түзу, билік әділ болсын.

 

Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады.

 

Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

 

Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел.

 

Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.

 

Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.

 

Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: thenews.kz

22939 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 наурыз 2014, 13:26
Пікірлер
+0
05 наурыз 2014, 14:14

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

+0
05 наурыз 2014, 14:23

"Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден." "Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ." 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...