Бүгін – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туған күні. Осы орайда төменде тұлғаның қанатты сөздері ұсынылады:
![]() | Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді. |
![]() | Ақылға саңыраулық та – айып. |
![]() | Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды. |
![]() | Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана. |
![]() | Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын. |
![]() | Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа. |
![]() | Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. |
![]() | Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман. |
![]() | Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. |
![]() | Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ. |
![]() | Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды. |
![]() | Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?! |
![]() | Би түзу, билік әділ болсын. |
![]() | Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады. |
![]() | Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры. |
![]() | Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел. |
![]() | Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой. |
![]() | Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ. |
![]() | Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды. |
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: thenews.kz
