Франц Кафка. Сапар

Франц Кафка. Сапар

Үйдегі күтушім есік алдына тұрып алып, жолымды кес-кестеді:

- Мырза, қайда барасыз?

- Білмеймін, - дедім мен, - осы жерден кетсем, осы жерден кетер болсам, осы жерге аялдамай кетіп қалсам, тек осылай істесем ғана ойлаған жеріме жете аламын.

- Онда қайда баратыныңызды білетін болдыңыз ғой?

- Білемін, - дедім, - жаңа айттым ғой, осы жерден кету менің бармақшы болған нысаналы жерім.

- Жолазық алмадыңыз.

- Қажеті жоқ, сапар соншама алыс болса, егер жол бойы қолыма бірдеңе іліктіре алмасам, жанымнан айрылатыным шүбәсіз. Жолазық жанымды сақтап қала алмас.

Аударған: Қ.Жұмаш

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: desktopsky.com

M. Auelkhan