Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / "Сіз О’Коннел мен О. Уайльдті ұмытып кеткен секілдісіз"

"Сіз О’Коннел мен О. Уайльдті ұмытып кеткен секілдісіз"

Осыдан 113 жыл бұрын талантты жазушы, тамаша ақын Оскар Уайльд дүниеден қайтқан болатын. Ол небәрі 46 жыл ғана өмір сүрсе де, мәнді, мағыналы ғұмыр кешті. Оның өмірі, шығармашылығы туралы көп нәрсе айтуға болар еді, бірақ, біз көп ауызға алына бермейтін, өмірінің ең бір қызықты сәттерін ғана қамтуды жөн көріп отырмыз.

1. Жазушы бай әрі танымал отбасында дүниеге келген. Әкесі Уильям Уайльд – дәрігер, анасы Джейн Франчески Уайльд – Speranza (Үміт) деген бүркеншік атпен өлең жазған ақсүйек ханым болды.

2. О. Уайльдтің тамаша әзілқой болғандығы көпке мәлім. Күндердің күнінде бір ағылшындық азамат ХІХ ғасырда "О"-дан басталатын фамильясы бар адамдардың түкті де бітірмегенін айтып, "Мак"-тарды мақтай бастайды. Сонда қалжыңбас жазушы: "Сіз О’Коннел мен О. Уайльдті ұмытып кеткен секілдісіз» деп жауап берген екен.

3. Қаламгердің толық есімі –  Оскар Фингал О’Флаэрти Уилс Уайльд. Мұны да көпшілігіміз біле бермейміз.

4. О. Уайльд cәнқой мен салақтың күйін кешіп, ақсүйектер қатарында жүргенімен, 1878 жылы Оксфорд университетін қызыл дипломмен бітірген.

5. Оның "Портрет Дориана Грея" атты романы – туындыларының ішіндегі ең сәтті әрі ең көп талас тудырғаны саналады. Жазылғанына 120 жылдай уақыт өтсе де әлі күнге дейін ағылшын әдебиетінің жауһары саналып келеді және мәңгілік өмірді сүрсем деген қалауының құрбаны болған Дориан Грейдің қызықты оқиғасы оқырмандарды жалықтырған емес. Сенесіз бе, «Портрет Дориана Грея» романы 25 рет экрандалған екен.

6. Аталған роман бар болғаны 3 апта ішінде жазылып біткен. Бұл – оның алғашқы әрі соңғы романы.  Джеймс Блант өзінің "Tears And Rain" әнінде осы романның атауын қолданғандығын айта кетейік.

7. Токио қаласындағы Диснейлендтегі үрей үйінде Дориан Грейдің портреті қойылған. Сұлу жігіттің портреті уақыт өткен сайын кәрі шалдың кейпіне ауысып тұрады.

8. Жазушыға "әйелдер еркектерді не үшін жақсы көреді?" деген сұрақ қойылады. Сонда ол: "Бәріне себеп – біздің кемшіліктеріміз. Олар жеткілікті дәрежеде жиналып қалғанда да, әйелдер бәрін кешіреді, тіпті, асқан ақылды да" деп жауап берген.

9. Оскар Уайльд өте тәкаппар адам болған. Бір күні казинодан соқыр тиыны қалғанша ұтылып қалады да, қызмет етіп жүрген швециялық азаматтан 20 франк сұрайды. Ол сыпайылық танытып, ақша ұсынады. Жазушының тәкаппарлығы соншалықты, мүсіркеген түріне шыдай алмай: "Өзіңе қалдыр, бұл сенің шәй-пұлың!" деп қолынан қағып жіберіпті.

10. Ол өмірінің соңғы жылдарында есімін Себастьян Мельмот деп өзгертіп жібереді.

11. Замандастары оның жаратылыс ерекше адам болғандығын жазып кеткен. Тіпті, әдепсіз қылығы үшін екі жыл түрмеге қамалған.

12. Оскар Уайльд жаңа жиырмасыншы ғасырда Францида қуғында жүргенде менингит ауруынан қайтыс болады. Ол Париж қаласындағы Баньо мазарына жерленді. Он жыл өткеннен кейін Пер-Лашез мазарына ауыстырылады.

13. 2007 жылдың соңында «Би-Би-Си» корпорациясы өз көрермендерінің арасында сауалнама жүргізеді. Нәтижесінде, Оскар "ең тапқыр және әзілқой британдық" болып жарияланды.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 қараша 2013, 10:10
Пікірлер
+0
29 қараша 2013, 10:48

басында оқығанда түсінбей қалғансың ғой, сосын барып түсініп кеттім...

+0
29 қараша 2013, 11:21

Жазушының өмірі нағыз жазушыға сай екен.

+0
29 қараша 2013, 12:08

Нағыз романтиканы көрсеткен жазушы ретінде білем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.