Марсель Пруст: «Ақиқатты таппасақ, жасауымыз керек»

Марсель Пруст: «Ақиқатты таппасақ, жасауымыз керек»

1871 жылы 10 шілдеде танымал француз жазушысы Марсель Пруст дүниеге келді.

«Жоғалған уақытты іздеу жолында» атты көптомдықтың авторы Парижде туған. Бұл франко-пруссиялық соғыстың аяқталғанына 2 жыл өткен шақ еді. Оның әкесі Адриан Пруст танымал дәрігер-эпидемиолог әрі медицина факультетінің профессоры болған. Адриан Еуропа мен Азияны шарлап, аса жұқпалы тырысқақ дертіне қарсы ем іздеген адам. Марсель Кондорс лицейінде оқыған. Өз кезінде-ақ ол әдеби және көркемсурет салондарына барып тұратын болған. Сосын Сорбоннадағы заң факультетінде білім алып, оны аяқтамай шығып кеткен.

1889 жылы ол Орлеандағы әскерде борышын өтейді. 1892 жылы ол өз достарымен бірге «Пир» атты журнал ашады. Бірақ оның жазушылық өмірі бірден ел көзіне түсе қойған жоқ. Мәселен, 1894 жылы шыққан тұңғыш өлеңдер жинағы оқылмай қалады. 1895 жылы литератор «Жан Сантей» атты еңбекті 4 жыл бойы жаза бастайды. Бірақ сол басталғалы күйі бітпей қалады да, ол 1896 жылы "Утехи и дни" атты новеллалар жинағын жазып шығады, ал алғысөзін Анатоль Франс жазады.   

Марсель Прустқа даңқ әперген туынды – «Жоғалған уақытты іздеу жолында» шығармасы. Бұл туынды 1907-1918 жылдар аралығында жазылған екен. Ол соңғы күндеріне дейін қаламды қолынан тастамаған адам.

Осы орайда Massaget.kz сайты Марсель Прусттың қанатты сөздерін ұсынады.

  • Әр адам өзінің ойынан терең емес ойларды ғана түсінікті деп ойлайды.
  • Әдет – екінші натура, ол бізге біріншіні тануға кедергі жасайды, біріншіде зұлымдық та, қуаныш та бар, ол екіншіге жат.
  • Әлдекім туралы дұрыс тұжырым жасау оның жақсы қасиеттерінің қарама-қайшы тұстарын ойласа, жеңіл бола түседі.
  • Бүгінгінің парадокстары – бұл ертеңгінің ескішілдігі.
  • Сіз өзіңізге көрінген бақытсыз күйді ешқашан кешпейсіз.
  • Адам бақытсыз бола түскен сайын, адамгершілігі жоғарылай бастайды.
  • Ақиқатты таба алмаймыз, сондықтан оны өзіміз жасауымыз керек.
  • Қандай да бір затты талап гүлдендіре түседі, ал сол зат қолда бар болса, ол туралы ой күңгірттене бастайды.
  • Теориядан жердің айналатынын білеміз, ал бірақ көзбен көре алмаймыз. Уақыт та дәл солай.
  • Махаббат – бұл жүректің қабылдауына мүмкін болған уақыт пен кеңістік.
  • Адамның әдемі сымбаты мен мәдениеттілігі – бір-бірімен қарама-қайшы ұғымдарымен сәйкес келеді.
  • Қызғаныш – көп жағдайда өзге бір адамның ісі мен көзқарасына билік етуге деген құштарлық.
  • Бақыт – денеге әсер етсе, бақытсыздық жаныңды қажайды.
А. Құлтай