- Негізгі бет
- Ертегі
- Құстар неге сөйлей...
Құстар неге сөйлей алмайды? (ертегі тыңдау)
Бала ертегі тыңдау арқылы қиялы ұшқыр болады. Өзі де ойдан әңгіме құрастыруға шеберлігі артады. Бүгін сіздерге "Құстар неге сөйлей алмайды?" тақырыбындағы ертегіні аудио нұсқасымен ұсынып отырмыз.
Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Адамдар құстардың тілін түсіне алатын болған екен.
Бір күні биік тауда өмір сүретін бүркіт аулайтын аң аңдып отырады, бірақ ештеңе кездеспейді. Осылай отырғанда көзіне күн шағылысып, ұйықтап кетіпті. Бір кезде құс қанатының дауысынан оянып кетеді. Қараса, қаршыға жемтігін ұстаған екен. Оны көрген бүркіт қаршығаға қоқилана жетеді. Өзі жүгірген аң көре алмаған соң, өліп қалған аңды жемтік қылған қаршығаны тілімен түйрейді. Осылайша екеуі сөзге келіп қалады. Олардың дауын естіген барлық құс жиналады.
Құстар екеуінің дауын шешіп бермек ниетпен, арамыздан хан сайлау қажет деп түйеді.
Құстар шықылдап, шулап кетеді. Барлығының хан болғысы келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып:
— Ешкім сендерге менен артық хан бола алмайды. Биікте менен жоғары самғап ұшатын құс жоқ,– дейді.
Бірақ оған құстар келіспей: «Жоқ, керек емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің» деп қарсы болады.
Жарқанат шығып:
— Мен хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей жүннен емес, теріден. Алыстағыны естіп отырамын,– десе, оған көкек келіспей қояды:
— Жарқанаттың хан болуы мүмкін емес. Құстарға құспын дейді, аңдарға аңмын дейді. Оның үстіне түні бойы ұйықтамай ұшып жүреді де, бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен жақсы хан болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек құлпырады.
Құстар Көкектің де сөзіне келіспей, былай дейді: «Көкек бізге хан болмайды. Ол өзінің балапандарына қарамай, тастап кетеді».
Осы кезде құстар арасында үлкен айтыс-тартыс туды. Әрбір құс өзін хан қылып сайлауды ұсынды. Құстар қатты шулап кетеді. Мұны естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қара қарға отырады. Ол:
— Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, онда сөйлемей-ақ қойыңдар,– дейді.
Осылай құстардың ауызбіршілігі болмағандықтан барлығы бірдей сөйлей алмай қалыпты.
@. @assel_assanova