Кезі келгенде суықтан да, аяздан да қорықпайтын боласың...

Кезі келгенде суықтан да, аяздан да қорықпайтын боласың...

Кезі келгенде суықтан да, аяздан да қорықпайтын боласың. Қанша үскірік болса да, қалың киініп, ары қарай өмір сүре бересің.

Бұдан кейін сені ешкім сатып кете алмайды, жаныңа жара салмайды.

Мұның бәрі сен қорыққан кезде ғана жүзеге асады. Қорықпасаң, түк те етпейді. Себебі, сен тозақтың бәрінен өтіп қойғансың. Сені ешкім таң қалдыра алмайды. Қорқуды доғарған сәтте барып өмір сүре бастайтыныңды бағамдайсың.

Суықтан, аптап ыстықтан, реніштен, ашудан, жоғалтып алудан, өзгенің айыптауынан, өсек-аяңнан, нақұрыстардан, айырылысудан, жалғыздықтан, опасыздықтан, тіпті ажалдан да. Өйткені, қорқыныш пенде баласына ешқашан еш нәрседе көмектескен емес.

Қорыққандардың жарты өмірін текке ысырап етеді, ал ауыз толтырып айтарлық көмегі болмай келеді.

Қорқыныштан құтылсаң, саған риза болмағандар – өмірге риза еместердің, көңілі қалғандар – өмірден көңілі қалғыштардың, сынағандар – сыналумен өткендердің әдебі екенін түсінесің. Сенің сол мәселеге түк қатысың болмай шығады. Топ боп айтса да, жалғыз адам айтса да, мейлі не айтса да, сенің сыртыңнан айтсын. Сенен аулақ жүрсін.

Мен бес күн жалғанды қорқып өткізгім келмейді.
Мен өмір сүруді таңдаймын.

Авторы: Лиля Град
Аударған: Шынар Әбелда

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті