Ұлықбек Есдәулеттің корей ақынынан аударма өлеңдері

Ұлықбек Есдәулеттің корей ақынынан аударма өлеңдері

Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет аударма саласында да өнімді еңбек етіп жүр. Оның корей ақыны Ким Джи Хадан аударған бір топ өлеңіне кезек берсек. Қазақ ақыны қаламында Ким Джи Ха қалай сөйлейді? Оқып, бағасын берейік!

ҚАНБАЙТЫН ШӨЛ 

Таңсәріде, бір бұрышта, 
Атыңды сенің жазамын – демократия... 
Менің зердем сені есінде сақтамапты, дұрыс па? 
Менің адымым да сені баяғыда, 
тіпті ертеде ұмытқан, 
Шықпағасын құлыптан... 
Дегенмен мені үміттің жалғыз 
сәулесі ғана шақырды 
Кеудедегі шөлді еске алып, 
Жазады жасырын сенің атыңды – демократия... 
Бір көшенің бұрышы, күн шықпаған, түн іші, 
Топырлаған аяқтардың жүрісі, 
Есік қаққан дыбысы, 
Және бір әлдекімнің ышқынысы шалынар. 
Сол дауыста ыңырсу, жылау, күрсініс те бәрі бар... 

Менің түкпірімде сақтаулы жүрген сенің салқар атың үшін, 
Сенің жалғыз есіміңдегі салтанатың үшін, 
Өтіп бара жатқан өмірдің өксік әнін. 
Нағыз көгілдір бостандықтың жеңсік дәмін, 
Күшпен айдап әкетілген достарымның қан-қан түрін еске алып, 
Көкірегім толқып, қолым дірілдейді, дүниеден кеш қалып. 
Сылдыраған кекпен тақтаға 
Қалтылдап бормен жазып құрағанмын сенің атыңды. 
Сен келмейді дегенге мен сенбеймін! 
Демімді ішке тартып, кемсеңдеймін, 
Сөйтіп, байқатпастан шығарамын сенің атыңды, 
Қанбайтын шөлмен! 
Қанбайтын шөлмен! 
Демократия жеңеді! 

СЕУЛГЕ САПАР 

Барамын, жылама, барамын... 
Белінен басып ақ пен қараның, 
Қарамай аңқамда кеберсіген асуға, 
Сабылып шөлде Сеулге кетіп барамын 
өзімді-өзім сатуға, міне, қарағым. 

Оралам қашан? Белгісіз... 
Әсем күлкімді көресіз қашан енді сіз? 
Шиеленген түйінді 
Шешерім тіпті сенгісіз... 

Барамын, жылама, барамын... 
Десем де тіпті бұл жауыз әлем құрысын, 
Ұмытам қалай гүлдер мен 
Бидай иісін? 
Ештеңені де ұмытып тіпті көрмегем. 
Арманым – қайту жылап та сықтап болса да, 
Шағымда, бәлкім, жұлдызым көкке өрлеген... 

Барамын, жылама, барамын... 
Асудан асып кеберсіп жатқан аңқамда 
Аспаннан да асып әр таңда, 
Сеулге қарай сабылдым қуып сағымды, 
Сатуға өз тәнімді. 

ЖАҢА КӨКТЕМ 

Қурағанын көрген кезде дала гүлі үсіген, 
Қурамайтын самырсынды сүйгенімді түсінем. 
Самырсынға деген менің махаббатым алғашқы, 
Енді дала гүлін сүйген махаббатқа жалғасты...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды