Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Олжас Сүлейменовтің "Арғымақ" өлеңі үш түрлі аудармада

Олжас Сүлейменовтің "Арғымақ" өлеңі үш түрлі аудармада

Олжас Сүлейменовтің

Олжас Сүлейменов өлеңдері қазақ тілінде өте көп аударылды. Ақын өлеңдерінің болмыс-бітімін бұзбай жеткізгісі келген ақындардың қатары көп. Қазақ оқырмандары Олжастың отты жырларын Қадыр ақынның аудармасында жиі ұшыратады. Алайда, кешегі ғасырдың соңғы ширегінен бүгінгі күнге дейін Сүлейменовті қазақша сөйлеткісі келген ақындарымыз сиреген емес. Бүгін назарларыңызға ақынның "Арғымақ" өлеңін үш түрлі нұсқада ұсынамыз.

Арғымақ

Қыпшақтардың ой-хой, құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шар айнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынға-көк кілемге
Сүртіп мүйіз ұлтанын.

Берші менің тақымыма біреуін,
Жеті қиян жер түбіне асайын.
Арғымақтай аласұрған жүрегім
Шапшып-ақ тұр,
Оны қалай басамын.

Атылайын арғымақтың жалына,
Соңымда тек сақ-сақ күліп дос қалсын.
Балғын шалғын айналып көк жалынға
Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын.

Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,
Шабайықшы шаң қоңдырмай етіне.
Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.
Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.

Әбіш Кекілбайұлы аудармасы

***

Арғымақтар

Дала қандай! 
Даладағы ат қандай! 
Нөсер шөпке белшесінен батқандай. 
Құйғытсам бір, 
Дала, қала 
Болады-ау 
көз алдымда аунап бара жатқандай! 

От тілгендей 
Асау қанға, 
Етіңе, 
Арғымағым. 
Шығып желдің өтіне, 
Шабуылдап 
Құрыш-болат тұяқпен 
Пергілеші 
Жалпақ жолдың бетінде!

Қадыр Мырза Әли аудармасы

***


Арғымақ

Ей, дешті-қыпшақ даласы,
Даңқың шыққан табынмен.
Үйірлерді қарашы,
Жүзіп жүрген сағыммен.

Бір асауды бер маған,
Тамырым тұр бұлқынып.
Дөңгеленсін жер-ғалам,
Қала, дала ұмтылып.

Арғымақтың қанының
Ыстық отын жел үрсін.
Тұяқтардың шаңы мен
Өртенген шөп өрілсін.

Шабысымен мына аттың,
Шабуыл салып шығайық.
Дүбірімен тұяқтың
Жолды беттен ұрайық!

Ұлықбек Есдәулет аудармасы

***

Енді Олжас Сүлейменовтің "Аргымак" өлеңіне кезек берейік:

Эй, половецкий край,
Ты табунами славен,
Вон вороные бродят
В ливнях сухой травы.
Дай молодого коня,
Жилы во мне играют,
Я проскачу до края,
Город и степь
Накреня.
Ветер раздует
Пламя
В жаркой крови аргамака,
Травы
сгорят
под нами,
Пыль
И копытный цок.
Твой аргамак узнает,
Что такое 
         атака,
Бросим
      робким
            тропам
Грохот копыт в лицо!..

***
Аргамак — скакун чистых кровей

0
Рейтинг: +3

Фото: өңделген
Қосылған күні: 18 қараша 2016, 15:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.