Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Оскар Уайльд тек қана талантты жазушы, мықты ақын ғана емес, ұлы ойшыл саналады. Осының дәлелі болатын төмендегі ой-толғаулардың жүрегіңізден орын алатындығына сеніміміз мол.

Әйел мен еркектің арасында достық болмайды. Құмарлық, дұшпандық, махаббат – тек қана достық емес.

Өзіңмен өзің бол! Басқа рөлдер бос емес!

Біздің заманда адамдар бәрінің бағасын біледі, алайда ештеңені де бағалай алмайды.

Тұрмыс құрған әйелдің махаббаты – ұлы нәрсе. Ондай сезім әйелі бар еркектердің түсіне де кіріп шықпайды.

Еркек жүрегін жаулау үшін, әйел оның бойындағы ең нашар қасиеттерін ояту керек. Сен еркектен құдай жасап алсаң, ол сені тастап кетеді. Ал нашар әдеттерін оятсаң, оны жыртқыш етесің, саған жету үшін артыңнан қалмайтын болады.

Адамзаттың жасап келе жатқандығына мыңдаған жылдар болды, яғни, әйел мен еркектің арасында басқа ешқандай жаңа нәрсенің болуы мүмкін емес.

Еркектерді сынауға, талқылауға болады, ал әйелдерді тек қана мәпелеу, құрметтеу керек.

Еркек әйелді жақсы көргенде, оның әлсіздігін, мінез-құлқын, жетілмегендігін біледі және осы үшін одан да қатты жақсы көріп кетуі мүмкін. Себебі жетілмегендік қана махаббақа зәру, ал мінсіздерге махаббат қажет емес.

Менің талғамым – көнбіс. Маған ең жақсының өзі жетіп жатыр.

Барлық адамдар достарының қайғысына ортақтасады, алайда, санаулысы ғана жетістігіне қуанады.

Идеал еркек әйелмен құдайындай сөйлеседі, сәбидей еркелетеді.

Жақсы адам болу – өзіңмен бір мәміледе болу деген сөз.

Әйел кенеттен жеңілу арқылы жеңеді.

Бәрінен үйреніңіз. Ешкімге еліктемеңіз!

Мен өзімнің артымнан не айтылатындығын білгім келмейді – мен онсызда өзім туралы жоғары пікірдемін.

Кәріліктің трагедиясы – адамның қартаюында емес, оның жанының жас қалпында қалып қоюында жатыр.

Адамды құртқын келсе, қайтадан тәрбиелей баста.

Еркек кез келген әйелмен бақытты бола алады, тек сүйгенімен емес...

Әйел біріншісі жексұрын болғандығы үшін ғана екінші рет тұрмысқа шығады. Ал еркек біріншісін сүйгені үшін ғана екінші рет үйленеді. Әйел некеден бақыт іздейді, ал еркек өмірін картаға тігеді.

Еркек өзін әйел қолдап отырмайтын болса, ешбір жетістікке жете алмайды, ал әйелдер қоғамды басқарып отыр.

Еркек әрқашан әйелдің алғашқы махаббаты болғысы келеді. Ал әйелдер еркектің соңғы махаббаты болуды армандайды.

Өзінің жасын айтатын әйелген сенудің қажеті жоқ. Ондай әйел бәріне дайын.

Өмірде екі нағыз трагедия бар. Бірі – қалағаныңа қол жеткізе алмау, екіншісі – қол жеткізгенде...

Кеңес беру – әрқашан қателік саналады. Себебі, жақсы кеңес үшін сізді ешкім, ешқашан кешірмейді.

Өзіңе деген махаббат – мәңгілікке жалғасатын романның бастамасы.

Адам жаны кәрі болып туылады және уақыт өткен сайын жасара түседі. Бұл – өмірдің комедиялық тұсы. Адам тәні жас болып туылады және уақыт өткен сайын қартая бастайды. Бұл өмірдің – трагедиялық тұсы.

Аударған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 қараша 2013, 10:35
Пікірлер
+0
29 қараша 2013, 11:11

Өзіңе деген махаббат – мәңгілікке жалғасатын романның бастамасы. Осы жерден бастаймыз -ау

+0
29 қараша 2013, 11:12

жалпы, айтқандарына қарасам, әйелдерді қатты сыйлаған сері болған сияқты, ойлары қатты ұнады :mrgreen:

+0
29 қараша 2013, 11:38

Өмірде екі нағыз трагедия бар. Бірі – қалағаныңа қол жеткізе алмау, екіншісі – қол жеткізгенде...

+0
29 қараша 2013, 12:05

еркек пен әйел қатынасы туралы О Уайльд қайдан біледі екен?))) Қателеспесем "көгілдір" жігіт еді ғой

+0
29 қараша 2013, 12:13

Өзіңмен өзің бол! Басқа рөлдер бос емес!

+0
29 қараша 2013, 12:52

Кеңес беру – әрқашан қателік саналады. Себебі, жақсы кеңес үшін сізді ешкім, ешқашан кешірмейді.

+0
29 қараша 2013, 14:00

Жақсы сөздер айтыпты.

+0
29 қараша 2013, 20:56

әулие екен :mrgreen:

+0
30 қараша 2013, 12:52

«Мен өзімнің артымнан не айтылатындығын білгім келмейді – мен онсызда өзім туралы жоғары пікірдемін», «Өзінің жасын айтатын әйелген сенудің қажеті жоқ. Ондай әйел бәріне дайын».

+0
30 қараша 2013, 20:23

ммм шынындада жақсы екен :) :) :)

+0
30 қараша 2013, 20:35

"Еркектерді сынауға, талқылауға болады, ал әйелдерді тек қана мәпелеу, құрметтеу керек". :D Сонда неге сүйгенімен бақыты бола алмайды екен ?

+0
01 желтоқсан 2013, 21:03

Мына айтылган сөздердің кейбіріне ашуым келеді! Қарттық туралы оте жақсы айткан болар бірақ, еркектер туралы айткан пикирлеринин 90% келиспеймин :evil:

+0
02 желтоқсан 2013, 18:37

Еркек әрқашан әйелдің
алғашқы махаббаты болғысы
келеді. Ал әйелдер еркектің
соңғы махаббаты болуды
армандайды.

+0
02 желтоқсан 2013, 22:34

өтттееееееееее керемеееет жазылғаан ұнады ! )) :) :mrgreen:

+0
19 желтоқсан 2013, 20:53

Барлық адамдар достарының қайғысына ортақтасады, алайда, санаулысы ғана жетістігіне қуанады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.